25 ақпан күні Шардара аудандық мәдениет сарайында Шардара аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға учаскелік референдум комиссияларының мүшелері және аудандағы саяси партиялар мен аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Семинарды Шардара аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы  С.Кошалиев ашып, семинардың күн тәртібімен таныстырып баяндама жасады.

Семинарға қатысушыларға референдум комиссияларының міндеттері мен дауыс беру күні референдум комиссияларының заң талаптарына сай атқаратын іс-қимыл әрекеттері, дауыс беру учаскелеріндегі саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар байқаушыларының құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Өз кезегінде, аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ү.Тілегенов дауыс беру учаскелерін жарақтандыру бойынша ақпарат берді.

Сондай-ақ, Шардара аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі  А.Құралбаев комиссия мүшелеріне мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беру үй-жайларын жарақтандыру туралы баяндама жасады.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Өз тілшімізден.