
Құрметті аналар, аяулы арулар, ардақты қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – сұлулық пен ізгіліктің, мейірім мен парасаттылықтың мерекесі. Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының шырағы, ұрпақ тәрбиесінің ұлы ұстазы. Қазақ «Әйел – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтпаған. Сіздердің төзімдеріңіз бен даналықтарыңыздың арқасында шаңырақтарымыз шаттыққа, қоғамымыз тұрақтылыққа кенеліп отыр.
Бүгінде ауданымыздың әйелдері білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, мемлекеттік қызмет және басқа да салаларда табысты еңбек етіп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда. Қандай салада болмасын, сіздердің жауапкершіліктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.
Отбасының берекесі мен бірлігін сақтап, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген барша аналарға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің махаббаттарыңыз бен қамқорлықтарыңыз – өмірдің ең қымбат байлығы.
Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Әр шаңырақта шаттық пен береке орнап, көктемнің шуақты күніндей көңіл-күйлеріңіз әрдайым жарқын болсын!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі А.Қарсыбаев,
аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүталиев.





