
18-22 наурыз күндері аралығында Қарағанды қаласында каратэ спорт түрінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты болып өтті.
Осы аталған чемпионатта жерлесіміз Темірханова Ақниет 59 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тағынды.
Спортшы қызымыз бен жаттықтырушыларымыздың жеңісі құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта да, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.
«Өскен өңір» – ақпарат.




