Апта барысында Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәттібаев Айбек Берікұлы Шардара ауданына арнайы іссапармен келді.

Астанадан арнайы келген Айбек Берікұлы ең алдымен Тама-Тастанбек су құбырының құрылысының жұмыстарымен танысты. Мұндағы жұмыстармен айналысып жатқан «Алтын констракшн» ЖШС-нің директоры Дулат Әлімсейіт бүгінгі таңға дейін атқарылған жұмыстармен таныстырды. Д.Әлімсейіт өз сөзінде жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын, диаметрі 560 мм екі тізбекті магистралды су құбырын салу жұмыстарының 27 шақырымына су құбыры тартылғанын, 26 дана камералы құдық, 12 бірлік ұңғыма қазылып, металды тірек-бағандардың 12 данасы орнатылғанын айтып, жалпы құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталғанын жеткізді. А.Сәттібаев мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.

Айбек Берікұлы мұнан соң,  Шардара су қоймасы жағалауындағы «Сыр нұры» демалыс орны мен «Golden beach» демалыс кешені аймағының жұмыстарымен және туризмді дамыту мақсатында іске асырылып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сапар соңында, Айбек Берікұлы «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның атқарылап жатқан жұмыстарымен танысты.

         Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.