
Ең жауапты кезең — сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 23 шілде күні сағат 18:01-де басталып, 22 тамызға дейін жалғасады. Осы аралықта, дәлірек айтқанда 2 тамызда сайлаушылар тізімі учаскелік комиссияларға беріліп, 7 тамыздан бастап азаматтар өз деректерін тексере алады.
Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімді жергілікті атқарушы органдар жасақтайды. Сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығына ие, тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.
Жергілікті атқарушы орган уақытша тіркелген азаматтарды олардың өтініші негізінде 2026 жылдың 23 шілдесіне дейін сайлаушылар тізіміне енгізеді. Бұл ретте әкімдік азаматты сайлаушылар тізіміне енгізуді және оны тіркелген жері бойынша тізімнен шығаруды ұйымдастырады.
Осы құқықты:
- Дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтын белгілі сайлаушылар;
- Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқитын, басқа өңірден келген студенттер;
- Вахталық әдіспен жұмыс істейтін сайлаушылар.
Бұл жерде ескерте кететін жағдай, азамат тек бір ғана тізімге енгізіле алады.
Азамат тізімге енгізілгені туралы деректерді тиісті аудан әкімдігінің интернет-ресурсынан және саll-орталықтар арқылы білуге болады.
Серік Кошалиев,
Шардара аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.




