
Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 шілдеде аяқталды. Осы күні Орталық сайлау комиссиясына 7 саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылды.
Нақты айтсақ, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен – 63 кандидат, «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен – 69 кандидат, «Әділет» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінен – 186 кандидат, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінен – 47 кандидат, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен – 72 кандидат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігінен – 33 кандидат, «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінен – 76 кандидат ұсынылды.
Қазіргі уақытта барлық саяси партиялардың құжаттары партиялық тізімге енгізілген азаматтардың Конституцияның 35-бабы 3-тармағында, 54-бабы 3-тармағында және конституциялық заңның 4-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады.
Oskenonir.kz




