\Аптаның сейсенбісінде    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына, 8 бабының 2 тармағына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүталиев ашып, жүргізіп отырды.

Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттарынан бөлек аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Тұрлыбеков және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі А.Құралбаев қатысты.

Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: 

  1. Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №46-243-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 ақпандағы №33-176-VIIІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Тұрлыбеков егжей-тегжейлі ақпарат ұсынып, бюджеттік өзгерістердің маңыздылығы, олардың негіздемесі мен әлеуметтік-экономикалық тиімділігі туралы түсініктеме берді. Баяндамашының хабарламасынан соң депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, маңызды жауаптар алынды. Сонымен қатар, депутаттар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бюджетті нақтылау жұмысына белсенді түрде атсалысты. Талқылау қорытындысы бойынша, аталған шешімге енгізілетін өзгерістер жан-жақты қаралып, қолдау тапты.

Сондай-ақ күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі А.Құралбаевтың хабарламасына депутаттар тарапынан оң баға беріліп, бір ауыздан бекітілді.

Өз тілшімізден.