
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу барысында ерекше назар аударатын жағдайдың бірі, ол сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй жайдан тыс жерде дауыс беру тәртібі мен құқықтары.
Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрілмей берiле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.
Өтініш келіп түскен жағдайда, сайлау комиссиясының төрағасы өтiнiш берген сайлаушының сайлаушылар тiзiмiндегi аты-жөнiнің тұсына тиiстi белгi қояды.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастырған кезде тасымалданатын жәшiктердi сайлау комиссиясының екі мүшесi алып жүредi.
Учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi байқаушыларды, сенiм бiлдiрілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруі туралы хабардар етуге мiндеттi.
Сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру үшiн шыққан кезде оларға байқаушылар не сенiм бiлдiрілген адамдар iлесiп жүруге құқылы.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру кезiнде сайлау комиссиясының мүшелерi, сайлау бюллетеньдерiнiң бүлiнуi мүмкiн екендiгi ескерiле отырып, олардың қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру кезінде бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушыларға сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiш негiзiнде берiледi, олар бұл туралы өтiнiшке қол қояды.
Бюллетень (бюллетеньдер) берген комиссия мүшесi оған өз қолын қояды, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiшке де қол қояды.
Қазіргі таңда Шардара ауданы бойынша дауыс беру кезінде ерекше қажеттілігі бар сайлаушылардың жалпы саны 580 азамат болса, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатындар 90 сайлаушы, естуі қабілеті бойынша 327 сайлаушы,көру қабілеті бойынша 163 сайлаушы тіркелген. Сонымен қатар дауыс беру күні мүгедектігі бар сайлаушылар үшін оларға кедергісіз қатынау мүмкіндігін жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арнайы жабдықталған және жеке қажеттіліктерін ескеретін арнайы көлік қызметі 5 инватакси дайындалған.
Үсенбек Тілегенов,
Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары.




