
Жуырда аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан тұрғындары үшін жеке қабылдау өткеріп, келушілердің ұсыныс-тілектеріне ден қойды.
Қабылдау барысында тұрғындар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық орталық аурухана, сондай-ақ, Шардара қаласы әкімі аппаратының құзыретіне қатысты өзекті мәселелер көтерді.
Азаматтар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштер мұқият тыңдалып, әр мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер берілді. Тұрғындардың көтерген мәселелерін шешу жолдары жан-жақты қаралып, жауапты бөлімдер мен мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі азаматтардың өтініштері мен талап-тілектеріне бейжай қарамай, мәселелерді мүмкіндігінше жедел, әрі нәтижелі шешудің маңыздылығына тоқталды.
«Тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, олардың мәселесіне уақытылы назар аудару – мемлекеттік қызметтің басты міндеттерінің бірі. Әрбір өтініш назардан тыс қалмауы тиіс. Мәселенің шешімі заң аясында қаралып, мүмкін болған жағдайда нақты нәтижемен аяқталуы қажет», – деді аудан әкімі.
Жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелердің орындалуы аудан әкімінің бақылауына алынып, жауапты сала басшыларына тиісті жұмыстарды сапалы, әрі белгіленген мерзімде атқару тапсырылды.
Аудан әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы – халықпен тікелей байланыс орнатып, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдау және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру бағытындағы тұрақты жұмыстардың бірі.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.





