Құрметті қазыналы қариялар, ардақты ардагерлер!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ халқы қашанда үлкенді сыйлап, қарияны құрметтеуді ұрпаққа аманат еткен.

«Қарты бар елдің – қазынасы бар» деген аталы сөздің мәні де осында. Себебі, аға буынның жүріп өткен өміржолы, елге сіңірген еңбегі, көргені мен түйгені – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес өнеге.

Сіздер ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып, ел еңсесін көтеруге еселі еңбек еттіңіздер. Талай жыл маңдай терлеріңізді төгіп, саналы ұрпақ тәрбиеледіңіздер. Бүгінде сол еңбектеріңіздің жемісін көріп, бала-шаға, немере-шөберелеріңіздің ортасында абыройлы ғұмыр кешіп келесіздер.

Қариялардың ақылы мен батасы – елге бағыт-бағдар, кейінгі буынға рухани тірек. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен тағылымды әңгімелеріңіз, елдік пен бірлікті дәріптеген өнегелі сөздеріңіз ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға үлкен ықпал етеді.

Шардара ауданында аға буынға құрмет көрсету, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу және белсенді өмір сүруіне мүмкіндік жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

Құрметті ардагерлер мен ардақты қариялар!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Әрдайым ұрпақтарыңыздың қуанышын көріп, немере-шөберелеріңіздің қызығына бөленіп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беріңіздер!

Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын, шаңырақтарыңыздан шаттық пен береке арылмасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі  А.Қарсыбаев,

аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүталиев