(Шардара ауданының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындысы туралы)

Құрметтi жерлестер!

Тағы бiр жыл тарих қойнауына ендi. Әлемде орын алған пандемия салдарынан елiмiз жаңа жаһандық дағдарыспен бетпе-бет келдi.

Алайда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы, әлеуметтiк тұрақтылық үшiн берiк негiз қаланды. Орын алған қиындықтарға қарамастан, Президентiмiздiң «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Iс қимыл кезеңi» атты Жолдауының арқасында, елiмiз өткен жылды мерейлi, табысты аяқтады.

Қадiрлi ағайын!

Экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету, аудан тұрғындарының әлеуметтiк жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстардың нәтижесiнде ауданда экономикалық даму көрсеткiштерi iлгерiлеп, бiршама мәселелер шешiмiн табуда.

Бюджеттiк-салықтық саясат.

Бюджет кiрiсi бойынша жоспарланған 3 296,8 млн.теңгенiң орнына 3 346,4 млн.теңге нақты түсiп, жоспар 101,5 пайызға немесе 49,5 млн.теңгеге артық орындалды. Бюджет шығысындағы 22 705,8 млн.теңгенiң 22 658,4 млн.теңгесi, яғни, 99,8 пайызы игерiлдi.

Өнеркәсiп.

Жан-жақта болып жатқан қиындықтарға қарамастан, өткен жылы аудандағы  бiрде-бiр  кәсiпорында  өнiм  өндiру  көлемi  азайған  емес. Есептi  мерзiм  iшiнде өнеркәсiп кәсiпорындары 8 188,6 млн. теңгенiң өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрiп, нақты  көлем  индексi 105,8 пайызды  құрады.

Инвестиция.

Есептi мерзiмде ауданымызда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Жыл қорытындысымен негiзгi қорға  тартылған  инвестиция  көлемi 15 959 млн.  теңгенi құрап, өткен жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 122% құрады. Оның iшiнде:

- Мемлекеттiк қаражат – 7 691,2 млн.теңгенi;

- Ұйымдар және жекеменшiк қаражат есебiнен – 7 030,8 млн теңгенi;

- Басқа да қарыз (сыртқы) қаражаттар есебiнен – 1 236,9 млн. теңгенi құрады.

Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда 1,8 млрд. теңгеге 5 инвестициялық жобаны iске асыру қолға алынған. Олар:

  1. Жеке кәсiпкер Т.Жалғасбаевтың балық өңдеу зауытының өндiрiсiн кеңейту аясында қосымша балық өнiмдерiн өндiретiн, балықтың майы мен жемiн шығару цехтарының құрылысы. Жоба құны 200 млн. теңге. Бүгiнгi таңға құрал-жабдықтары әкелiнiп, ғимараты салынды. Бүгiнгi таңға монтаждау жұмыстары жүруде. Жоба iске асқан жағдайда 40 адамға жұмыс орны ашылады.
  2. «Turan IT» ЖШС-нiң блокчейн, дата центр жобасы. Жоба құны 600,0 млн. теңге. Бүгiнгi таңға құрылыс жұмыстары жүргiзiлуде. Жоба iске қосылуға толығымен дайын, «Кегок» АҚ iске қосуға рұқсат құжаттарын рәсiмделуде.
  3. Алатау батыр ауылындағы жеке кәсiпкер Б.Сариевтiң жем шығару жобасы. Жоба құны шамамен 200,0 млн.теңгенi құрайды, тұрақты 10 адамға жұмыс орны ашылады. Бүгiнде Жобаның құрылыс жұмыстары аяқталуда, құрал жабдықтары сатып алынған. Жоба iске қосылуға тиiстi монтаждау жұмыстары жүргiзiлуде.
  4. Алатау батыр ауылындағы «Ырыс 2017» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативi күрiш өңдеу кәсiпорны. Жоба құны 300 млн.теңгенi құрайды. Бүгiнгi таңға кәсiпорын iске қосылды.

Кәсiпкерлiк саласы.

Аудан  бюджетiнiң толығуына қомақты үлес қосатын шағын кәсiпкерлiк те қарқынды дамып келедi. Өткен 2020 жылы жұмыс iстеп тұрған 7697 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерде 9821 адам жұмыс iстеп, 5,2  млрд. теңгенiң өнiмi  өндiрiлiп, қызметi көрсетiлдi (өсiм 103,0%). Жалпы кәсiпкерлiк субъектiлер iшiнен жұмыс iстеп тұрғандардың үлесi  97,0% құрады.       

Несиелендiру жұмыстары.

Аудандағы кәсiпкерлер мен шаруаларды қолдау мақсатында «Оңтүстiк» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ арқылы ағымдағы жылдың  есептi мерзiмiнде көктемгi дала жұмыстарын ұйымдастыруға 543,6 млн.теңгенi құрайтын 214 жобаның  құжаттары қабылданып, оның 212 жобасы 520,5  млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында жеңiлдетiлген қолжетiмдi несиенi алу мақсатында 46 жоба ұсынылды. Бүгiнгi таңда 1768,6 млн. теңгеге 31 жоба  несие комитетiнен мақұлданған.  110 млн. теңгеге 3 жоба қаралу үстiнде.

Ауыл шаруашылығы.

Халықтың басты тiршiлiк  көзi – ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан аса көңiл бөлiнiп келедi. Шаруалардың тындырымды еңбектерiнiң арқасында өткен жылы 33881,3 млн теңгенiң ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiлдi.

Ауыл шаруашылығы саласына 1944,6 млн.теңгенiң инвестициясы  тартылып, өткен жылмен салыстырғанда аталған салаға тартылған инвестиция көлемi 176,7 %-ға артты.

Өткен жылы 59300 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егiлiп, 1089 га  күздiк бидайдан 3278,0 тонна (өнiмдiлiк: 30,1 ц/га), 1648 га жаздық арпадан 4384,0 тонна (26,6 ц/га), 10338,0 га бақшадан 262895,0 тонна (254,3 ц/га), 600,0 га көкөнiстен 20562,0 тонна (342,7 ц/га), 250,0 га картоптан 4050,0 тонна (162,0 ц/га), 4572,0 га жаңа жоңышқадан 9144,0 тонна (20,0 ц/га), 13953,0 га ескi жоңышқадан 165070,0 тонна (118,3 ц/га), 3608,0 га сүрлемдiк жүгерiден 127398,0 тонна (353,1 ц/га), 3000 га дәндiк жүгерiден 15600,0 тонна 52,0 ц/га), 598,0 га маштан 933,0 тонна (15,6 ц/га), 1419,0 га күрiштiктен 10115,0 тонна (71,3 ц/га), 18225,0 мақталықтан 40509,0 тонна өнiм алынды.

Күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге Үкiмет тарапынан жеңiлдетiлген бағада бөлiнген 610 тонна жанар-жағармай тасымалданды.

Сонымен қатар, 10200,0 тонна селитра, 950,0 тонна аммофос, 650,0 тонна сульфат аммоний, 120,0 тонна карбамид тасымалданып, ауыл шаруашылығы тауарөндiрушiлерiне жеңiлдетiлген субсидиялық қолдаумен берiлдi. 

Суармалы жер-елiмiздiң алтын қоры. Ауданда 63 мыңға жуық суармалы жер бар. Бүгiнде осы суармалы жерлерде өнiмдi ұлғайту, шаруаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекет тарапынан ПУИД-2 (ИДЖЖ-2) жобасы iске асуда. Жоба аясында Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент ауыл округтерiндегi 20630,0 га суармалы егiстiк алқаптарда орналасқан ағын су нысандары мен жүйелерiн (каналдар, қашыртқылар, гидротехникалық құрылыстар және т.б.) қайта құрылымдаудан өткiзу бойынша тиiстi жұмыстар жүргiзiлуде. Жобаның жалпы құны: 23,3 млрд. теңгенi құрайды. Орындалу мерзiмi: 2020-2022 жылдар.

Сонымен бiрге, ПУИД-2 (ИДЖЖ-2) жобасы  аясында 19,3 шақырымдық «Батыс» ағын су қашыртқысы құрылысын салу жобасына 1,2 млрд теңге қаржы қаралып, бүгiнгi таңға экологиялық сараптамасын алу жұмыстары жүргiзiлуде. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейiн аяқтау жоспарланған.

Ауданда мал шаруашылығы күн өткен сайын дамып келедi. Жыл қорытындысымен мал мен құстың барлық түрлерiнен 5658,7 тонна ет (өсiм 105,0%), 17934,7 тонна сүт (өсiм 103,6%), 2435,5 мың дана  жұмыртқа (өсiм 105,0%) алынды.

2020 жылдың есептi мерзiмiнде мал санында айтарлықтар өсiм бар. Атап айтқанда: мүйiздi iрi қара мал 47554 (112,7%) басқа, қой және ешкi 189751 (100,6%) басқа,  жылқы 11719 (135,2%) басқа, түйе 2518 (103,0%) басқа, құстар 41820 (126,2%)  басқа өскен.

Ауыл шаруашылығы өнiмiн арттыру мақсатында бiр алқаптан 2-3 өнiм алу жұмыстары қарқынды жүрдi. Бұл бағытта Жаушықұм ауыл округiндегi «Тұрар» шаруа қожалығы (төрағасы Ю.Ан) ағымдағы жылы ерте көктемде егiлген 6 га қырыққабаттан 300 тонна өнiм алып, Ресей, Беларусь Республикаларына экспортқа шығарды. Қоссейiт ауыл округiндегi «Мақсат» ш/қ төрағасы Ж.Қойбағаров 4,5 га жерге жамылғы астына егiлген қарбыз дақылының салмағы 2-3 кг болған кезде, қарбыз араларына кеш пiсетiн қауын егiп, екiншi өнiмдi алды. Сондай-ақ Көксу ауыл округiнен «Үкiт» ЖШС (директоры А.Дауренбеков) жыл сайын бiр алқаптан 2 өнiмдi алуды қолға алып келедi.

Көктемнiң бiр күнi жылға азық дегендей ауданымыздың диқандары ағымдағы жылғы көктем айының қолайсыз келуiне қарамастан қажырлы еңбектiң арқасында өздерi межелеген биiгiнен  көрiндi.

Құрылыс саласы.        

Есептi мерзiмде құрылыс жұмыстарының көлемi 6 467,3 млн. теңгенi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 165,4 пайызға артқан.

15 861 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлiп, бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 130,8 пайызға артты.

2020 жылы 5 нысанның құрылысы жүргiзiлiп, оның 4-еуi пайдалануға берiлсе, 1 нысанның құрылысы осы 2021 жылы пайдалануға берiледi. Олар:

  1. Шардара қаласы, Астана көшесiнде орналасқан 4 қабаттты үйдiң құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталды.
  2. Шардара қаласы, Әл-Фараби көшесiнде орналасқан 4 қабаттты үйдiң құрылысы 2020 жылдың қараша айында пайдалануға берiлiп, 40 отбасы баспанамен қамтылды.
  3. Шардара қаласы, «Асем» мөлтек ауданына инженерлiк коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы (Су желiлерi) нысаны 2020 жылдың қыркүйек айында пайдалануға тапсырылды.
  4. Шардара қаласы «Нұр Отан» мөлтек ауданына инженерлiк коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы (Су желiлерi)» нысаны 2020 жылдың қыркүйек айында пайдалануға тапсырылды.
  5. Шардара қаласы А.Иманов атындағы 300 орындық орта мектептiң құрылысы кестеге сәйкес жүргiзiлуде. Нысан осы жылдың тамыз айында пайдалануға берiледi.

Ауыз сумен қамтамасыз ету.    

Аудан бойынша құбыр суымен қамтылған халықтың үлесi – 96,0 пайызды құрап отыр.    

2020 жылы жалпы сметалық құны 334,9 млн. теңгенi құрайтын «Шардара қаласы №14 бекет, Мұнай база ауылы және Тұрысбеков а/о қарасты Ақбердi елдi мекендерiнiң ауыз су жүйелерiнiң құрылысы» аяқталып, iске қосылды. Қ.Тұрысбеков ауылы округiне қарасты Ақбердi елдi мекенi, Шардара қаласындағы «Мұнай базасы» және №14 Бекет шағын аудандары тұрғындары (1671 адам) орталықтандырылған құбыр суымен қамтылды.              

Сонымен қатар, қала тұрғындарына берiлiп жатқан ауыз судың сапасын жақсарту бойынша 2019 жылы «Түркiстан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы Ақшағала көшесiнде орналасқан бас су торабын қайта құру» жұмыс жобасы әзiрленiп,  сараптама қорытындысы алынды. Жобаның құны 3045,8 млн. тенге. Мемлекеттiк сатып алу процедуралары өткiзiлiп, мердiгер анықталды. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелi.         

Бұдан бөлек, осы 2021 жылы құны 348,1 млн.теңгенi құрайтын Қызылқұм ауылының ауыз су беру торабының құрылысы жобасы iске асырылады. Нәтижесiнде осы ауылдың тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Елдi мекендердi газдандырудың жағдайы            

Аудан бойынша 25 елдi мекеннiң 7 елдi мекенi (Ұзын ата, Қазақстан, Целинное, Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Достық)  табиғи газ көзiне қосылған. Оларда тұратын халық саны –25 362 адам (2107 үй), аудан тұрғындарының 32,2 пайызы.     

Өздерiңiзге белгiлi, 2019 жылы тұрғындарды табиғи газбен қамту мақсатында Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Егiзқұм, Достық елдi мекендерiне   облыстық бюджет қаржысы есебiнен газ тарту жұмыстары жүргiзiлiп, ағымдағы жылы табиғи газ көзiне қосылды.    

Жалпы 2019-2024 жылдар аралығында 16 елдi мекендердi газдандыру жоспарланып, аудан бойынша 21 елдi мекендердегi 78 997 халық (99,4%) табиғи газбен қамту күтiлуде.              

Шардара қаласын және қаламен iргелес елдi мекендердi табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қаламен iргелес Ақбердi елдi мекенiнде сметалық құны 2 912,6 млн.теңге болатын ГРС № 18 «Шардара» стансасы салынып, 2019 жылдың қараша айында пайдалануға қабылданды.                

Осы жоба аясында, Шардара қаласы және қаламен iргелес 11 елдi мекендегi 44 120 адамды (аудан тұрғындарының 55,7 пайызы) табиғи газбен қамтылуға мүмкiндiк алады.  

Шардара қаласын газдандыру 4 кезеңге бөлiнiп, кезең-кезеңмен жүргiзу жоспарланған.                    

I кезең «ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласына «Шардара» № 18 ГТС жоғары қысымды газ жеткiзiп берушi газ құбыры және Шардара қаласы «Өтеғұл» шағын ауданын квартал iшiндегi (орта қысымды газ құбыры) газ жүйелерiнiң құрылысы» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 2020 жылы 04 қыркүйекте қабылданып алынды. Мердiгер мекеме «Комби Строй-1» ЖШС.

Осы жобаға сәйкес, Шардара қаласында № 14 Бекет, Мұнай база, Өтеғұл шағын аудандарында тұратын 4,2 мыңнан астам халық табиғи газға қосылуға мүмкiндiк алады. Нысан құрылысы бойынша қалған қажеттi қаржы Республикалық бюджет есебiнен қаралуда.       

II кезең «Түркiстан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласының Абай, Қызылжар шағын аудандарын кварталiшiлiк газ жүйелерiнiң құрылысы» жобасы. Сметалық құны 767,822 млн теңге. Бүгiнгi күнге, жергiлiктi бюджет есебiнен 1000,0 қаржы қаралып, облыстық мемлекеттiк сатып алу басқармасының ұйымдастырған мемлекеттiк сатып алудың қорытындысымен мердiгер «КОМБИ-СТРОЙ-I» ЖШС жеңiмпаз болып танылып, келiсiм шарт түзiлдi. Нысан құрылысы 2021 жылға өтпелi. Жоба бойынша Абай, Қызылжар шағын аудандарындағы 8,0 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады. Аталған құрылыс нысаны бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қосымша қаржы бөлу бойынша өтiнiм берiлген.            

III кезең «Түркiстан облысы, Шардара қаласындағы Мелдеби, Қанай Датқа шағын аудандарын газдандыру» жобасы. Сметалық құны 825,902 млн. теңге. Бүгiнгi күнге, жергiлiктi бюджет есебiнен 1000,0 қаржы қаралып, облыстық мемлекеттiк сатып алу басқармасының ұйымдастырған мемлекеттiк сатып алудың қорытындысымен мердiгер «Транс Азия Констракшн» ЖШС жеңiмпаз болып танылып, келiсiм шарт түзiлдi. Нысан құрылысы 2021 жылға өтпелi. Жоба бойынша Мелдеби, Қанай Датқа шағын аудандарындағы 7,8 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады. Аталған құрылыс нысаны бойынша облыстық энергетика және тұрғын   үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қосымша қаржы бөлу бойынша өтiнiм берiлген.

IV кезең Шардара қаласын газдандыру бойынша «Түркiстан облысы, Шардара қаласы, Төменгi Тоғай, Майқала, Ақбала, Наурыз, Нұр Отан, № 3 және № 4 шағын аудандарын табиғи газбен қамтамасыз ету (IV кезең)» жобасын «Улмад» ЖШС мен әзiрленуде. Осы жобаға сәйкес 9.0  мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады. Жобаның сараптама қорытындысын қазан айының соңына дейiн алу жоспарланған. Жоба дайын болған соң  2021 жылдың бюджетiне қаржыландыру үшiн ұсынылатын болады. 

Одан бөлек, «Түркiстан облысы, Шардара ауданы, Қ. Тұрысбеков ауылдық округi, Шардара ауылының iшкi газ жүйелерiнiң құрылысы» жобасы әзiрлендi. Сметалық құны 767,134 млн теңге. Әзiрленген ЖСҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына құрылысын 2020 жылға қаржыландыру үшiн тапсырылған.

Автомобиль жолдары саласы.

Аудан аумағындағы облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 235,2 шақырымды құрайды. Оның 90,2 шақырымы немесе 38,3 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 48,73 шақырымды құрап, оның 39,63 шақырымы немесе 78,9 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.

Көшелер мен iшкi шаруашылық жолдарының ұзындығы 504,3 шақырымды құрап, оның 349,9 шақырымы немесе 67,4 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.2020 жылы жергiлiктi бюджеттен 455,4 млн.теңге бөлiнiп, Шардара қаласындағы жалпы ұзындығы – 11,88 шқ құрайтын орталық 6 көшеге (Оңдасынов, Түгелбаев, Әйтеке би, Төле би, Жiбек жолы, Жандосов) орта жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Аудандық бюджет есебiнен 5,0 млн.теңгеге қала iшiндегi 46 көшелерге (1785 ш.м.) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Одан бөлек ауылдық округтерде жалпы ұзындығы – 8,0 шақырымды құрайтын, барлығы 10 көшелердi орта жөндеу және тас төсеу жұмыстарын жүргiзу жоспарланған (Достық а/о – Уалиханов көшесi; Ақшеңгелдi а/о – Шынтөреев, Б.Момышұлы көшелерi;

Ақшеңгелдi а/о – Шынтөреев, Б.Момышұлы көшелерi; Сүткент а/о – А.Тоқсанбаев көшесi; Қызылқұм а/о – Ж.Жабаев көшесi; Қоссейiт а/о – Панфилов көшесi; Қ.Тұрысбеков а/о – Қаныбеков, Әуезов, Ақ шағала көшелерi; Жаушықұм а/о – А.Жангелдин көшесi).

2020 жылы республикалық, облыстық бюджет қаржысы есебiнен «Ауыл Ел бесiгi» бағдарламасы аясында 465,1 млн. теңге бөлiнiп, жалпы ұзындығы – 18,044 шқ. болатын 21 – көшенi (Көксу ауылдық округiнен 9 көше - Мұқанов, №2 Жобадағы көше, Жобадағы көше, Иманов, Жабаев, Құнанбаев, Сейфуллин, Халықтар достығы, Әуезов және Алатау батыр ауылдық округiнен 12 көше – Абай, Әйтеке би, Каттабеков, Кисабеков, Жеңiс, Ақорда, Тәуелсiздiк, Бейбiтшiлiк, Тұран, Айдаров, Достық, Жақсылықов) орта жөндеу жоспарланып, мемлекеттiк сатып алу қорытындысымен, «Достық Спец Транс» ЖШС жеңiмпаз болып танылған. Бүгiнгi таңға, орта жөндеу жұмыстары 95 пайызға атқарылған.               

Санитарлық тазалық.

Санитарлық тазалық жұмыстарына аудандық бюджеттен  барлығы 47,1 млн. теңге, оның iшiнде: Шардара қаласының санитариясын қамтамасыз етуге 27,1 млн. теңге, ауылдық елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз етуге 20,0 млн. теңге бөлiндi. Бөлiнген қаржыға елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету бойынша ретсiз қоқыстарды жою, ауылдық елдi мекендердегi полигондарға тасталған қоқыстарды реттеу жұмыстары қолға алынған.     

Сонымен қатар, Сүткент, Достық, Ұзын ата, Қоссейiт, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерiндегi полигондарға дезинфекциялық ванналар салынды. Одан бөлек Шардара қаласындағы полигонды күтiп ұстауға және ағымдағы жөндеуге 23,6 млн. теңге қаралып, оның 7,0 млн теңгесi полигонды күтiп ұстауға, 15,6 млн теңгесi полигонды жөндеуге, 1,0 млн теңгесi полигонға эмиисиялық рұқсат алуға жұмсау көзделiп, мемлекеттiк сатып алу қорытындысымен мердiгерлер анықталып, күтiп ұстау, жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.   

Абаттандыру, көрiктендiру жұмыстары.             

Ауданды көрiктендiру мақсатында  көктемгi-күзгi маусымда 62,0 мың түп ағаш көшеттерi толығымен отырғызылып, тұрақты күтiмге алынды.

Есептi 2020 жылы Шардара қаласындағы 46,98 гектар саябақтар мен скверлер, жасыл аймақтар тұрақты күтiмде болды. Күтiп ұстау жұмыстары Шардара ауданы әкiмдiгiне қарасты «Шардара Жасыл аймақ» МКК-мен жүргiзiлуде.        

Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы аясында жалпы құны 201,0 млн.теңгеге  2 нысан құрылысын жүргiзу қолға алынған. Шардара қаласы Төле би көшесi бойынан 1,5 гектар аумаққа көпшiлiктiң демалуына арналған желiлi саябақ құрылысын, сондай-ақ Жiбек жолы көшесiнiң бойында аяқ жол салу, Үш арыс скверiн құру, жұмыстарын жүргiзу жоспарланып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.                

Аудандық бюджет есебiнен Шардара қаласында № 16 колледжге баратын жолдың бойында, Анарқұлов, Молдағұлова, Торайғыров, Аймұратов көшелерiнiң бойында аяқ жолдар салу,  Сәтбаев, Қолдасов, Иманов, Молдағұлова, Аймұратов, Анарқұлов, Рысқұлов көшелерiн жарықтандыру, сонымен қатар Шардара қаласы С.Әшiров, Әл-Фараби көшелерi бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердiң аумағын абаттандыру жоспарланып, абаттандыру жұмыстары жүргiзiлдi.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қолдау.           

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасына 2020 жылы 3173 адам қатысты. Оның iшiнде: 1366 азамат жұмыссыз,  970 азамат нәтижесiз жұмыспен қамтылғандар, 837 азамат жұмыс iздеушiлер. Жалпы бағдарламаға қатысушылардың 15,6 пайызы немесе 494-i табысы аз азаматтар.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» бағыты аясында 15 азамат қысқа мерзiмдi оқуға жолданып, оқуды аяқтаған 15 азамат жұмысқа орналасты.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағыты аясында 34 азаматқа кәсiпкерлiгiн дамыту үшiн 116,6 млн.теңге несие, жаңа бизнес идеяларды iске асыру үшiн 130 азаматқа 72,2 млн.теңге грант берiлдi.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты аясында бос жұмыс орындарына 1604 адам, жаңа жұмыс орындарына 200 адам жұмысқа жолданды.

Жалпы бағдарламаға қатысқан азаматтардың 88-i мүмкiндiгi шектеулi азаматтар.

Сонымен қатар, әлеуметтiк жұмыс орындарына 106 жұмыссыз, жастар практикасына   142 жас маман,  қоғамдық жұмыстарға 750 жұмыссыз жолданды.          

Мемлекет қолдауымен есептi мерзiмде 724 отбасының 4055 мүшесiне 196,3 млн.теңгеге атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлсе, 5031 адамға төтенше жағдайға байланысты 159,3 млн.теңгеге азық-түлiк жиынтығы табыс етiлдi.

Сонымен қатар, жалғызiлiктi 125 қарттарға жергiлiктi бюджеттен 31,5 млн. теңгеге әлеуметтiк көмек, үйде оқытылып, тәрбиеленетiн мүмкiндiгi шектеулi мүгедек 82 балаға жергiлiктi бюджеттен 30,8 млн.теңгеге үйде әлеуметтiк қызмет көрсетiлдi.             

Бiлiм.             

Аудан бойынша бiлiм саласының қарыштап дамуына барынша жағдайлар жасалып жатыр. Бұл бағытқа салынып жатқан қаржы – болашаққа салынған, қайтарымы мол инвестиция десек артық айтқандық емес. Ауданда жалпы бiлiм беретiн 31 мектепте 19611 оқушы бiлiм алуда. 3 мектептен тыс мекеме, 37 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары жұмыс атқаруда.

Бiлiм алушы жасөспiрiмдерге сапалы да саналы тәрбие беру iсiнде 2793 педагог кадр еңбек етуде.

Бiлiм беру ұйымдарының оқушыларын оқулықтар және оқу әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi бюджеттен 2020 жылы 255,6 млн. теңге қаралып, 2020-2021 оқу жылындағы 1-11 сынып оқушылары 100% оқулықтармен қамтамасыз етiлдi.

Мектептердiң информатика кабинеттерi 3365 компьютермен жабдықталған, нәтижесiнде 1 компьютердi пайдаланатын оқушы саны 5,5 бiрлiкке жеттi. Аудан мектептерiнiң телефонмен байланысы және интернет желiсiн пайдалану 31 мектептiң барлығында орнатылған.              

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқытуға 1,7 млрд теңге қаржы қаралған, бұл қаржыға 17 мемлекеттiк, 20 жекеменшiк, 5 мектеп жанындағы шағын орталықты ұстауға бағытталған. Бұдан бөлек кезекте тұрған балаларды мектепке дейiнгi ұйымдарға қамту және 3-6 жастағы балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтуды 100 пайызға жеткiзу мақсатында 2020 жылдың желтоқсан айында  жаңа (3 жаңа жекеменшiк балабақша, 1 балабақшаға қосымша орын) 226 орын мемлекеттiк тапсырысқа енгiзiлдi.    

3-6 жастағы 3790 бала  мектепке дейiнгi тәрбиемен қамтылып, қамтылу деңгейi  100 пайызды құрап отыр.

2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде 16 бiлiм беру нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге республикалық бюджеттен 106,5 млн теңге қаржы қаралды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берiлген.

Сонымен қатар, 2020 жылы жергiлiктi бюджеттен Қызылқұм  жалпы орта мектебiн күрделi жөндеуден өткiзуге 104,3 млн теңге қаралып, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.               

Бiлiм беру ұйымдарын дезинфекциялау құралдарының, санитариялық қауiпсiздiк құралдарының (тепловизорлар, санитайзерлер, дезинфекциялау тоннельдерi, кiреберiстiң жанындағы қорғаныш кiлемшелер, маскалар) жеткiлiктi санымен қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджеттен жалпы 9,5 млн теңге қаржы қаралды.

Бүгiнгi таңға санитариялық қауiпсiздiк шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда балалар саны 15 адамға дейiн  аудандағы 5 шағын  жинақты бастауыш  және 1 негiзгi мектептерде 228 оқушыны штаттық режимде  оқыту жүзеге асырылуда.         

Аудандық бiлiм бөлiмi тарапынан 2020-2021 оқу жылына дайындық бойынша бiлiм беру мекемелерiндегi компьютерлiк құралдардың қашықтықтан оқыту жағдайында ата-аналардың өтiнiшi негiзiнде 150 құрылғы (129 компьютер, 21 ноутбук)  отбасына уақытша берiлдi.      

Қашықтықтан  оқыту  бойынша  Қазақстан Республикасының Үкiметi қаражаты есебiнен  295  планшет пен 286 компьютер, интернет желiсiне  шығуға  мүмкiндiк беретiн  Wi-Fi модемдерi, 2095 ноутбук   алынды.        

«Мектепке жол» акциясы  аясында  жергiлiктi  демеушiлер  есебiнен 90 смартфон пен  планшет  күнкөрiсi төмен  отбасылардың  балаларына  берiлдi.   Қазiргi  таңда   аудан  бойынша   790 отбасындағы  2537 оқушыны  қашықтықтан  оқыту  бойынша  техникалық  құралмен  қамтамасыз  етiлдi.    

Денсаулық сақтау саласы.        

Қоғамның  басты байлығы – адамның  денсаулығы. Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда мемлекет тарапынан қолдау үздiксiз көрсетiлуде. Үлкен жаңалықтардың бiрi ауданымызға видеолапароскопия құрылғысының келуi. Оның көмегiмен кейбiр хирургилық қиын оталарды басқа қалаларға бармай-ақ өз ауруханамызда жасай алатынымыздығында. Ендi аудан тұрғындары кең көлемде медицина қызметтерiне қол жеткiзе алады.          

Аурухана iшiнен арнайы ересектерге және балаларға арналған паллиативтiк көмек ашылды. Мұнда барлық төсек орындар толығымен медициналық жабдықтармен қамтылды.          

Қосымша қабылдау бөлiмiнiң iшкi құрлымы, қалалық емхана, әйелдер кеңесi мен балалар кеңесi сүзгi бөлмелерiмен жабдықталды.        

Iндеттiң таралуына қарсы күрес шараларының аясында мемлекет тарапынан аудандық ауруханаға «Жылжымалы диагностикалық кешенi» берiлдi. Бұл көшпелi аурухана аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарға барып медициналық көмек көрсететiн болады. Заманауи медициналық кешен флюорография, УЗИ, ЭКГ, офтальмоскоп, оториноскоп, кiшi лаборотория, әйелдердi арау бөлмесi және жалпы тәжiрибелi дәрiгер кабинетiмен толық жабдықталған. Ауыл тұрғындары жоғарыда аталған аппараттарға ауданға бармай ақ және профилактикалық тексерулердi  өз ауылынан өтуiне болады. Шалғай ауылдағы тұрғындар үшiн бұл диагностикалық кешен сапалы және өте тиiмдi.   

Өкiнiшке орай, пандемияның қауiпi бәсеңдемей тұр. Аудан бойынша осы кезеңге дейiн 33 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 31-i ем қабылдап жазылып шықса, 1 науқас Жетiсай аудандық инфекциялық госпиталiнде, ал 1 науқас үй карантинiнде емдерiн қабылдауда.  Ал пневмония  300 науқаста анықталып, барлық науқас емделiп шықты.

Шардара аудандық ауруханасының базасындағы 40 төсектiк провизорлық госпиталь және 40 төсектiк инфекциялық стационар ашылып, жұмыс iстеуде. Онда 196 пульсоксиметр, 40 оттегi концентраторы, 15 дана өкпенi жасанды желдету аппараттарымен қамтылған. Сонымен қатар, №16 кәсiптiк-техникалық лицей жатақханасының базасында 220 орындық инфекциялық стационар ашылған.           

Аудандағы 21 дәрiхананың барлығында дәрi-дәрмек қоры жеткiлiктi.   

Елiмiзде iндет орын алғанда әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың бiрқатар азаматтары болып жатқан жағдайдан шет қалмай, өз үлестерiн қосты. Атап айтқанда, аудан кәсiпкерлерi және қарапайым тұрғындар ауруханамызға 40 оттегi концентраторларын, 15 өкпенi жасанды желдету аппараттарын (үлкендерге 13, балаларға 2) 3 ВИВЛ, 19 пульсоксиметрдi алып бердi.    

Бүгiнгi таңға аурухана қорында коронавирустық инфекция мен пневмония ауруын емдеу үшiн қолданылатын дәрiлiк, қорғаныс және дезинфекциялық заттардың 2 айға жететiн қоры жасақталған.      

Аудан көлемiнде коронавирустық инфекцияны болдырмау және алдын алу бойынша тиiстi жұмыстар атқарылуда. 6 мобильдi топ құрылып, жүйелi түрде нысандарды аралап, тұрғындарға түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуде. Бүгiнгi таңға 2086 нысан бақыланып, анықталған заң бұзушылық бойынша 285 хаттама толтырылып, (281 жеке тұлға, 4 жеке кәсiпкер) 12792690 теңге айыппұл салынды.

«Халықтық кеңсе» жобасы.                     

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi, табыс пен тұрмыстың арттыру»  тақырыбындағы жолдауын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытында және облыс әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданы, Шардара қаласы кәсiпкерлiк мектебi ғимаратынан халықтық кеңсесi ашылды. Бұл кеңседе жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан халыққа 71 мемлекеттiк қызмет түрi бойынша (8 маман) өтiнiшпен келген аудан тұрғындарына кеңес беру арқылы қызмет көрсетедi.

Ендiгi жерде тұрғындар өздерiне қажеттi мемлекеттiк қызмет түрлерiн бiр жерден алатын болады. 

Құрметтi шардаралықтар!       

Жыл басы – қай  кезде  де өткен  кезеңдегi атқарылған  iстердi  ой  елегiнен  өткiзiп, талдау  жасауға, сондай-ақ  алдағы  жоспарларды белгiлеуге  мүмкiндiк  бередi.                            

Алдағы уақытта  халықтың  сын-ескерпелерiне,  ұсыныс-пiкiрлерiне  сәйкес  нақты  жұмыстар  атқарылатындығын  айтқым  келедi.  Оның  iшiнде, ең  бастысы Пандемия салдарынан болып жатқан дағдарыстың  әсерiн барынша бәсеңдету, әлеуметтiк тұрақтандыру және бағаны  тұрақтандыру  басты  назарда болмақ. Сонымен  қатар, жұмыссыздық  деңгейiн  төмендету, салық  түсiмдерiн арттыру, өндiрiстi,  кәсiпкерлiктi  дамыту бойынша нақты жұмыстар атқару назардан түспейдi.       

Сондай-ақ, өз шешiмiн табуға тиiстi төмендегi бiрқатар жұмыстар атқарылатын болады:   

- Шардара ауданын табиғи газбен қамту;   

- Туризмдi дамыту;       

- Шардара қаласын сапалы ауыз сумен қамту;

- Шардара қаласын сарқынды су жүйесiмен қамту;

- Басталған әлеуметтiк  сала нысандарының  құрылыстарын аяқтау.      

- Үдемелi индустриялық-инновациялық даму  бағдарламасы  аясындағы  жобаларды  iске  асыру.

Абаттандыру жұмыстарын iске асыру жұмыстары жүргiзiлетiн  болады.

Қайрат Жолдыбай, аудан әкiмi.