“Қыс-2019” республикалық командалық-штабтары арасында оқу-жаттығу жиыны болып өттi. Ол жерде ауданымыздың бүкiл саладағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн 12 штаб бөлiмi қатысты. Оған қоса 50 жеке құрам мен 21 техника жұмылдырылды.
Негiзгi мақсат қыс мезгiлiндегi төтенше апаттардың алдын алып, азаматтық қорғау мемлекеттiк жүйесiнiң басқару органдары мен күштерiнiң даярлығын тексеру болды. Шараға қатысқан аудан әкiмi аппаратының басшысы Ғ.Амантай судан, оттан және тұрмыстық жағдайлардағы түрлi апатты жағдайға құтқарушы бөлiмдердiң әзiрлiктерiн пысықтады. Тарқатып айтқанда, әр қорғау штабының құрал-жабдықтары, техникалары мен жеке құрамдарының қауқары бағаланды. Оның iшiнде апатты жағдайларда көмек көрсететiн азаматтық қорғау бөлiмдерi толықтай дайын болуы үшiн бiрқатар ескертулер мен материалдық толықтырулар айтылды. Сонымен қатар, жаттығу барысында әр штабқа халықтың апатты жағдайларда құтқару шараларына дайын болу жөнiнде түсiндiрме жұмыстарын жиi жүргiзiп отыруды тапсырды.
Рүстем ПЕРДЕБЕК.