“Nur Otan” партиясының Шардара аудандық филиалы ғимаратында Түркiстан облыстық мәслихатының депутаты Бақытжан Серманизов қоғамдық қабылдау өткiздi.

Аудан орталығы мен ауылдық округтерден келген тұрғындар жеке қабылдауда болып, өз өтiнiштерiн айтты. Нақтырақ айтсақ: Сүткент ауылдық округiнен келген зейнеткер Рыспаев Рақымбай тұрғылықты жерiндегi жолдардың жарамсыз қалге жеткендiгiн тiлге тиек еттi. Оған қоса ауызсу мәселесiндегi кемшiлiктердi айтты. Б.Серманизов ауызсу жүйесiне және жол құрылысына жауапты тұлғаларды шақыртып, екi тараптың да проблемаларын шештi. Сонымен қатар, Байманова Гүлсiм есiмдi тұрғынның жеке бас пробламасын заңгерлдердi қатыстыра отырып, жан-жақты шешiмдерiн қарастырды. Аудан орталығы және өзге де елдi мекендердегi бiрқатар әлеуметтiк, заңнамалық мұқтаждықтарға жеке-жеке тоқталды. Тiптi, жұмыс iздеп келгендер де қабылдауда болып, өзiне қажеттi мәселелерге толыққанды жауап ала алды.

“Проблема көп, ал ол шешiлiп жатыр ма? Ауылдағы мәселелердi облыс көлемiнде қозғаудан ұялмауымыз керек. Ауруын жасырған өледi дейдi ғой. Бiз халықтың кез келген уәжiне жауап беруiмiз керек” –деген Түркiстан облыстық мәслихатының депутаты Б.Серманизов, ұсақ проблемалардан үлкен проблемалар туындайтынын айтып, дер кезiнде шара қолданып отыруды тапсырды. Сонымен қатар, бекiтiлген жұмыстарды жiтi бақылауда ұстап отыратындығын айтты. Қоғамдық қабылдауға “Nur Otan” партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ерғали Қарымсақов қатысты.

Өз тiлшiмiзден.