Өткен аптада ауданымызда ауыл шаруашылығы дақылдарын ағын сумен қамтамасыз ету және ағын су тарифi мәселелерi бойынша мәжiлiс өттi.
Мәжiлiске аудан әкiмi Қ.Жолдыбай, Түркiстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов, «Қазсушар» РМК Түркiстан облыстық филиалының басшысы М.Керiмжанов, «Қазсушар» РМК ТОФ Шардара өндiрiстiк бөлiмшесiнiң басшысы Е.Иса және бөлiмше қызметкерлерi, аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң қызметкерлерi мен ауыл әкiмдерi, ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативтерiнiң басшылары қатысты.
Жиында аудан әкiмi Қ.Жолдыбай ауыл шаруашылығы дақылдарын ағын сумен қамтамасыз ету және ағын су тарифi мәселелерi туралы сөз қозғады. Көтерiлген мәселелерге байланысты, «Қазсушар» РМК ТОФ Шардара өндiрiстiк бөлiмшесiнiң басшысы Е.Иса ауданда су шаруашылығы саласында (Қызылқұм магис-тралды каналының қазiргi жағдайы, ауыл шаруашылығы дақылдарына ағын судың босатылу барысы, ағын судың тарифi жайлы және т.б.) атқарылып жатқан жұмыстар барысын қысқаша айтып, шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бердi. Хабарламашы қазiргi таңда орташа есеппен 80,0 текше метр ағын су босатылып жатқандығын, шiлде айының екiншi бөлiгiнде 110,0 текше метрге дейiн суды ұлғайтып босататындығын, бұл жөнiнде Су ресурстары комитетiне сұраныс хат жолданғанын тiлге тиек еттi.
Сонымен қатар, «Бiрлiк» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативiнiң төрағасы Б.Жора бiрқатар мәселелердi шешу үшiн ұсыныстарын ортаға салды. Ағын судың тарифi, бағаның жоғары болуы, босатылатын ағын су көлемiн ұлғайту және каналдарды тазалау мәселесiн қозғады. Ал «Жайсан» АӨК төрағасы Ж.Әшiмтаев 1 га жерге ағын суға кететiн шығын көлемi қалтаға ауыр тиетiнiн жеткiздi.
Мәселенiң мән-жайына қанық болған Түркiстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов өз кезегiнде жоғарыда айтылған келеңсiз жағдайларды болдырмау мақсатында, әрбiр ауылдық округтерде орналасқан және ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативтерiне сенiмгерлiкке берiлген коммуналдық меншiктегi ағын су каналдарын «Қазсушар» РМК немесе облыс әкiмдiгiне қарасты «Тұрансу» мекемесiнiң меншiгiне өткiзу қажеттiгiн айтып, ағын судың тарифi жоғары (740,0 теңге) және осыны 421,0 теңге көлемiнде қалдыру керектiгiн, яғни, әрбiр шаруа 1 гектарға 9000-10000 теңге төлеу керектiгiн атап өттi. Сондай-ақ, басқарма басшысы егiс басындағы қауа арықтарына мемлекеттiк акт алынса, 50 пайыз көлемiнде инвестициялық субсидия қарастырылатынын жеткiздi.
Бұл тұрғыда, «Қазсушар» РМК ТОФ басшысы М.Керiмжанов iшкi каналдарды республикалық меншiкке алуға қарсы емеспiз, ағымдағы жылдың 19 шiлдесiне дейiн ағын су тарифiн 421,0 теңгеге төмендету бойынша шешiм қабылданады немесе КПД-ны азайтамыз дедi.
Күн тәртiбiндегi мәселенi талқылай келе, ауылдық округтерде орналасқан iшкi ағынсу каналдарын «Қазсушар» РМК арқылы республикалық меншiкке немесе облыс әкiмдiгiне қарасты «Тұрансу» ЖШС мекемесi арқылы облыстық меншiкке өткiзуге ұсыныс енгiзу, ағын су тарифiн 740 теңгеден 421 теңгеге дейiн төмендету, ағын су тарифiн төмендету үшiн төленетiн субсидия туралы қағиданы қайта қарау арқылы өзгерiс енгiзу үшiн Ауыл шаруашылығы министр-лiгiне ұсыныс беру бойынша жұмыстар атқарылатындығы айтылды.
Сонымен қатар, 9 шiлде - Су шаруашылығы қызметкерлерiнiң мерекесi күнiне орай, аудан әкiмi «Қазсушар» РМК Шардара өндiрiстiк бөлiмшесiнiң бiрқатар қызметкерлерiн Алғыс хатпен марапаттады.
Р.ПЕРДЕБЕК.