Түркiстан қаласындағы сенбiлiкке шардаралықтар да белсене қатысып, облыс орталығын абаттандыру iсiне өз үлестерiн қосуда.

7 желтоқсан күнi өткен сенбiлiкте қала, ауыл округтерi мен мекеме қызметкерлерi облыс орталығындағы 46 көшеде тазалық жұмыстарын жүргiздi. Сондай-ақ, жерлестерiмiз Жармұхамбетов көшесiне жаңадан аялдама тұрғызып, қоқыс салатын контейнер қойып бердi. Сенбiлiк жұмысына қатысқан аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай шардаралықтарға бекiтiлген көшелердiң тазалығы мен онда отырғызылған ағаш дарақтарына лайықты күтiм жасауды тиiстi мекемелерге тапсырды.

«Жасыл аймақ» ЖШС-нiң директоры Бекжiгiт Шойбековтiң мәлiмдеуiнше, әр апта сайын өтетiн сенбiлiкке 120-140 шардаралық қызметкерлер тартылады. Аудан қызметкерлерi өздерiне бекiтiлген аумаққа осы уақытқа дейiн 4000 түп ағаш көшеттерiн отырғызған.

Бұл жолы 46 көшеден 50 текшеметрге жуық қоқыстар шығарылды.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.