Бас бостандығынан айыру — өлім жазасынан кейінгі қатал жаза. Ондайда адам түрмеге қамалып, қоғамнан оқшауланады.

Жаза ауыр қылмыс үшін беріледі. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша, адам бас бостандығынан алты айдан 15 жылға дейін айырылуы мүмкін. Аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімі жиырма жылдан басталады. Ол үшін адам өмір бойы түрмеге қамалуы мүмкін. Абайсызда істеген қылмысы үшін қылмыскердің түрмеге отыруы он жылдан аспауы керек.   

Бас бостандығын шектеу — жазаның жеңіл түрлерінің бірі. Адам жазасын үйде өтейді. Оған қала және ауданнан шығуға тыйым салынады немесе пробация қызметінің рұқсатымен шыға алады. Егер шектеу адамның жұмысына байланысты болса, сот сонда жұмыс істеуге тыйым салуы мүмкін. Мысалы, шенеунік жемқорлық жасағаны үшін сотталды делік. Жазасы бітсе де, ол енді мемлекеттік қызметкер бола алмайды.

Қылмыстық кодекс бойынша бас бостандығанан шектеу мерзімі алты айдан жеті жылға дейін. Жаза өтеудің бүкіл мерзімі ішінде қайта қылмысқа жол берген жағдайда немесе өзіне жүктелген міндеттерді толық қасақана орындамаған жағдайда жергілікті пробация қызметі сотқа ұсыным жазады. Сот іс-құжаттарды қарап, бас бостандығынан шектеу жазасының қалған бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Н.Қасымбеков, аудандық пробация қызметі бөлімшесінің  аға инспекторы, әділет капитаны.