Әйел бiр қолымен бесiктi, бiр қолымен әлемдi тербетедi.
Әйел – отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамдағы тыныштықтың шырақшысы, береке-бiрлiктiң ұйытқысы.
Қазiргi әйелдер қауымы – мемлекет пен қоғамдық iске келгенде де ер-азаматтардан кем тер төгiп жүрген жоқ. Әсiресе, бизнес саласында, соның iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiкте қыз-келiншектердiң үлесi басым.
Соңғы кездерi бiздiң ауданымызда да кәсiпкерлiк-пен шұғылданушы қыз-келiншектердiң қатары артып келедi. Мысалы, таяуда Маржан Сарманова жетек-шiлiк ететiн “Beauty M” деп аталатын алғашқы косметоло-гиялық сән салоны ашылды. Аты айтып тұрғандай, бұл салон қыз-келiншектердiң бет әлпетiн әрлеп қана қоймайды, сонымен бiрге емдiк қызметтер де көрсетедi.
Кәсiби нысанның салтанатты ашылуына қала әкiмi Ережеп Бекет және ауданға белгiлi кәсiпкер Сәуле Беркiнбаева арнайы барып, ресми түрде лентасын қиды.
Шағын түрде ашылған бұл нысанда 6 кәсiби қызметкер жұмыс жасайды. Косметолог, визажист, шаштараз және кiрпiк, тырнақ тағы да басқа бөлiктердiң сұлулығын қамтамасыз ететiн жоғары бiлiмдi мамандар бар. Әсем ғимаратта орналасқан “Beauty M” сұлулық салоны сағат күндiзгi 10:00-ден кешкi 20:00-ге дейiн үздiксiз қызмет етедi.
Аталмыш сұлулық салонының иесi Маржан Сарманова “Өзiм космето-логия саласын жақсы бiлемiн және оған қоса дәрiгерлiк қызметте де бiраз жылдан берi жұмыс iстеп келемiн. Сондықтан, тән саулығымен қатар сыртқы сымбат та жоғарғы мәнге ие. Әсiресе, әйел кiсiлердiң бақытты болуы сұлулығымен тiкелей байланысты”- дейдi.
Қаламызда кәсiби, жоғарғы сапада қызмет көрсететiн нысандар көбейсе нұр үстiне нұр болары сөзсiз.
Айнұр САРБАСОВА.