(Аудан әкiмi Қ.Жолдыбайдың ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2019 жылғы қорытынды есебi)
Қадiрмендi жерлестер!
Елiмiз үшiн тағы бiр табысты жыл тарих қойнауына ендi. Бiр жыл тарих үшiн аз уақыт болғанымен, жас мемлекетiмiз үшiн жаңа мүмкiндiктер алаңы,
жаңа белестердi бағындырған, экономикалық жағдайы тұрақты, тұғыры берiк, тегеурiнi мықты мемлекет екенiн айқындаған жыл болды. Әлемдiк аренада Қазақстан жолы, Қазақстандық даму моделi деген ұғымдар пайда болды.
Құрметтi Шардаралықтар! Былтырғы жыл үлкен шараларды ұйымдастыру мен атап өтуде жемiстi жыл болды. Солардың бiрi, 2019 жылдың басты оқиғасы болып саналатын-Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлау науқаны. Жұмыла көтерген жүк жеңiл демекшi, елiмiздiң басты шарасына Шардаралықтар да өз үлестерiн қосты. Сайлауға қатысқан аудан тұрғындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенiм бiлдiре отырып, өз дауыстарын бердi.
Сонымен қатар, бiз Сiздермен бiрге Шардара ауданының 55 жылдығы мерейтойын атап өттiк.
Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында ел дамуының нақты мақсаттары айқындалды. Бұл бағытта бiздiң ауданда да атқарылған iстер аз емес. Бүгiнгi күнi аудандағы экономикалық көрсеткiштердiң барлық саласы бойынша жыл қорытындылары шығарылып, алдағы мiндеттер айқындалды.
Бюджеттiк салықтық саясат. 2019 жылы жергiлiктi бюджетке жоспарланған 3 150,4 млн. теңгенiң орнына 3 199,7 млн.теңге түсiп, жоспар 101,6 пайызға немесе 49,3 млн. теңгеге артық орындалған.
Ал шығыстар бойынша түзетiлген жоспар 20 610,3 млн.теңгенi құрап, оның 20 560,3 млн.теңгесi, яғни, 99,8 пайызы игерiлдi. Игерiлмеген қаржы 18,0 млн. теңгенi құраған.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы. 2019 жылы 32 маманға 6,6 млн. теңге көтерме жәрдем ақы, 4 маманға тұрғын үй сатып алуға 15,2 млн.теңге бюджеттiк несие берiлдi.
Өнеркәсiп. Өнеркәсiп саласында оң өзгерiс қалыптасып келедi. 2019 жылдың 11 айында аудандағы өндiрiс кәсiпорындарында 4672,6 млн. теңгенiң өнеркәсiп өнiмi өндiрiлiп, нақты көлем индексi 106,8 % құрады. Өнеркәсiп өнiм көлемiнiң нақты көлем индексiн арттыру бойынша облыста 2-орындамыз.
Негiзгi капиталға тартылған инвестиция. Есептi мерзiмде негiзгi капиталға тартылған инвестиция көлемi 13087,7 млн. теңгенi құрады. Оның iшiнде: Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден 3966,5 млн. теңге. Ұйымдар және жекеменшiк қаражат есебiнен 6440 млн. теңге. Басқа да қарыз (сыртқы) қаражаттар есебiнен 2681,2 млн. теңге. Инвестициялық көрсеткiштер төмендегiдей:
- Өңдеу өнеркәсiбiне тартылған инвестиция көлемi 1134,2 млн. теңге құрап, облыста аудандар iшiнен 4-орынды, резиденттiк емес инвестиция тарту көлемi 2681,1 млн. теңгенi құрап, 1-орынды, мемлекеттiк бюджеттi қоспағанда шикiзатты емес негiзгi капиталға бағытталған инвестиция көлемi 8015,2 млн. теңгенi құрап, 3-орынды, сыртқы инвестиция тарту бойынша 3136,9 млн. теңге тартылып, 4-орынды иемдендiк.
Мемлекет тарапынан қабылданған Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 1 инвестициялық жобаны iске асыру қолға алынған. Бұл Алатау батыр ауылдық округiнде орналасқан қазақ-сингапур бiрлескен «International company of Cotton» ЖШС-ның мақта өңдеу зауыты. Компания Қазақстан Республикасы және Сингапур мемлекетi компанияларымен бiрлескен жобасы арқылы iске асуда. Құны 5 475,0 млн. теңгенi құрайтын бұл зауытта жаңадан 250 жұмыс орны ашылды, зауыт қуаттылығы жылына 30 000 тонна мақта шикiзатын өңдемек.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Президентi Қ.Тоқаевтың биылғы жылғы жолдауында цифрлық экономиканы дамыту, оның iшiнде «Блокчейн 5G», «Цифрлық активтер», «Жаңа цифрлық қаржы құралдары» сияқты технологиялық құбылыстарға бейiмдеу туралы тапсырмасына сәйкес, ауданға жалпы құны 600,0 млн. теңгенi құрайтын шетелдiк инвестициясымен «Turan IT» ЖШС-нiң ақпараттық жүйелер мен мәлiметтер базасына қызмет-серверлiк орталығын құру жобасын қолға алып, бүгiнгi таңға жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзуде.
Шағын және орта бизнестiң негiзгi дамытушы бағдарламасы болып саналатын «Бизнестiң жол картасы бағдарламасы» аясында 9 жоба iске асырылуда. Оның iшiнде:
- екiншi деңгейлi банктермен субсидиялау, кепiлдендiру бойынша 6 жобаларға «Даму» қоры арқылы мемлекеттiк қолдау көрсетiлдi.
- ЖК «Исаев» «Жихаз өндiрiсiне айналым қаражатын толықтыру»;
- ЖК «Бектасов Ғ» (жүк көлiгiн сатып алу);
- ЖК «Танкибаев» (асыл тұқымды мал сатып алу);
- инфрақұрылымдар тарту бағыты бойынша 1 жоба («Иiржар агро» ЖШС-ына электр желiсiн тарту жобасы, қазiргi таңда жерге орналастыру жобасы жасалынып, тиiстi құжаттары өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң қарауына (предварительный) тапсырылып, мақұлданды. Қажеттi қаржы көлемi:
32,9 млн. теңге.);
- Гранттық қаржыландыру бойынша 2 жобаға (ЖК «Сырлыбай» «Ағаш өнiмiнен пластикалық есiк-терезе шығару» жобасы және
«I Bilm Centr» ЖШС-нiң «Жартылай электронды QR-TEST кiтабын шығару» жобалары) 3,0 млн. теңге көлемiнде инновациялық грантты жеңiп алды.
Кәсiпкерлiк саласы. Ауданда 7778 кәсiпкерлiк субъектiлер тiркелсе, оның 7571-i немесе 97,3% жұмыс iстеп тұр. Тiркелген кәсiпкерлiк субъектiлерде жұмыс iстеп тұрғандар үлесi облыста аудандар iшiнен 2-орында. 2019 жылдың есептi мерзiмiнде шағын кәсiпкерлiк саласында 20415 адам жұмыс iстеп, (2018 жылы 19560 адам, өсiм 103,5%) 21,3 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, қызметi көрсетiлдi. (2018 жылы
20,5 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлген, өсiм 105,6%).
Несиелендiру жұмыстары. Аудандағы кәсiпкерлер мен шаруаларды қолдау мақсатында «Оңтүстiк» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ арқылы ағымдағы жылдың есептi мерзiмiнде көктемгi дала жұмыстарын ұйымдастыру үшiн 238 жоба 577,2 млн.теңгеге несиелендiрiлдi. Аудандар арасында несие каржы алу бойынша
2-орында.
«Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында жеңiлдетiлген қолжетiмдi несиенi алу мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасымен бiрлесiп 34 жоба ұсынылды. Бүгiнгi таңда 12 жоба 530,7 млн. теңгеге несие комитетiнен мақұлданса, 2384,7 млн. теңгеге ұсынылған 9 жоба комиссияда қаралу үстiнде. Аудандар арасында аталмыш бағдарлама аясында несие каржы алуға қатысу бойынша 2-орында.
Туризмдi дамыту бойынша атқарылған жұмыстар. Аудан жағажай туризмiн дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту үшiн орман қоры жерiнен елдi мекен санатына ауыстырылған 255 га жер учаскесiне инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына облыстық бюджеттен 35,0 млн. теңге бөлiнiп, жобалық-сметалық құжаттама әзiрлендi. Жоспарға сәйкес, мұнда 60 нысанның, оның iшiнде қонақ үйлер, яхт клуб, ресторандар, аңшылар және балықшылар үйi, аквапарк т.б. нысандар құрылысын жүргiзу қаралған. Осы жұмыстардың нәтижесiнде 1000-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, 60 нысан iске қосылып, 45 мыңнан астам туристердiң келуi жоспарлануда. Бұл жұмыстар халықты жұмыспен қамтып, ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына тiкелей септiгiн тигiзедi.
Ауыл шаруашылығы. Есептi мерзiмде 30890,5 млн. теңгенiң ауыл шаруашылығы жалпы өнiмi өндiрiлiп, 2018 жылмен салыстырғанда 102,1 пайызға артқан. Оның iшiнде: егiн шаруашылығы 24707,4 млн. теңге, нақты көлем индексi 102,1 %, мал шаруашылығы 6183,1 млн. теңге, нақты көлем индексi 101,9 % құрады.
Аудандағы егiстiк жерлерге дәндi және бұршақты дақылдар 6850 гектарға, майлы дақылдар 250 гектарға, шиттi мақта 23704 гектарға, бiр жылдық, көп жылдық мал азығы 17329 гектарға, картоп 250 гектарға, көкөнiс 600 гектарға және бақша дақылы 10317 гектарға егiлдi. Осы күнге дейiн жаздық арпадан 3904 тн, күздiк бидайдан 1500 тн, дәндiк жүгерiден 15000 тн, көкөнiстен 20550 тн, маштан 775 тн, жаңа жоңышқадан 8758 тн, ескi жоңышқадан 113472 тн, бақшадан 262258 тн, сүрлемдiк жүгерiден 118255 тн, күнбағыстан 382 тн, картоптан 4025 тн, күрiштен 9612 тн және мақтадан 64199 тн өнiм алынды.
Облыс әкiмiнiң бiр жылда 2 рет өнiм алу тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы 14 шаруа қожалық ауқымды жұмыстарды жүргiздi. Оның iшiнде: 15 гектарға көкөнiс, 9 гектарға бақша, 32 гектарға маш, 8 гектарға қырыққабат, 3,5 гектарға картоп, 27 гектарға сүрлемдiк жүгерi, барлығы 94,5 гектар жерден өнiм алынды. Аталған тапсырманы 2020 жылы орындау мақсатында ауылдық округтерде қосымша 10 шаруашылықты ұйымдастыру қолға алынды.
Сондай-ақ, ауданда ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы құны 1292,0 млн. теңгенi құрайтын 29 жобаның (187 жұмыс орнымен) iске асыру қолға алынды. Оның iшiнде: 768,0 млн.теңгенi құрайтын 21 жоба кәсiпкерлер мен шаруалардың өз қаржысы есебiнен, 524,0 млн. теңгенi құрайтын 8 жоба қаржы институттары арқылы iске асырылуда. Бұл жобалардың 1-i түйе шаруашылығын дамыту, 2 жоба құс немесе күрке тауық етiн өндiру, 16 жоба мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру және мал басын көбейту, 2 жоба қайта өңдеу кәсiпорындары мен цехтарын ашу, 5 жоба балық шаруашылығын дамыту, 2 жоба тамшылатып суару әдiсiн қолдана отырып, бақша, мақта, пияз дақылдарын отырғызу және 2-3 өнiмдi алу, 1 жоба қарқынды алма бағын отырғызуға бағытталған. (Қ.Тұрысбеков а/о–2 жоба, Қоссейiт а/о–1 жоба, Көксу а/о–4 жоба, Ұзыната а/о–2 жоба, Алатау батыр а/о–7 жоба, Қызылқұм а/о–2 жоба, Сүткент а/о–1 жоба, Ақшеңгелдi а/о–1 жоба, Достық а/о–1 жоба, Жаушықұм а/о–5 жоба, Шардара қаласы–3 жоба).
Үкiмет тарапынан көктемгi және күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге жеңiлдетiлген бағада 6240 тонна жанар-жағармай бөлiнiп, 4959,5 тоннасы тасымалданды.
Облыстық бюджет есебiнен ағын суды жеткiзiп беру құнын арзандатуға 5,3 млн.теңге, «Сыбаға» бағдарламасын қолдауға 148,9 млн. теңге, «Алтын асық» бағдарламасын қолдауға 42,6 млн. теңге және «Құлан» бағдарламасы бойынша 0,3 млн. теңге, минералды тыңайтқыштарға 362 млн.теңгеге, мақта 300 млн.теңгеге субсидияланды.
«Даму» бағдарламасының жоспарына сәйкес, 750 гектар егiстiк жерге тамшылатып суғару әдiсiн ендiру тапсырмасы 752 гектарға немесе 100,3% орындалды. Сондай-ақ 5 гектар жерге жылыжай салу жоспарланып, нақты 5,01 гектарға немесе 100,2% орындалды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1670 бас iрi қара мал алынып, меже 110% (жоспар 1520) орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 8290 бас уақ мал алу тапсырмасы 105% (нақты 8672) орындалды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 390 бас жылқы алынып, тапсырма 101% (386 жоспар) орындалды.
22 бiрлiк мал бордақылау алаңдары iске қосылып, тапсырма 122,2% (18 бiрлiк), 10 шағын жанұялық фермалар құрылып, тапсырма 125% (8 бiрлiк) орындалды.
Есептi мерзiмде 5390,4 тонна (102,3%) ет, 17311,5 тонна сүт (100,9%), 2474 мың дана жұмыртқа (103,6%) өндiрiлдi. Төрт түлiк малдың барлығында өсiм бар.
Мал саны: мүйiздi iрi қара мал 42,2 мың (109,4%) бас , қой 177,6 мың (103,7%) бас, жылқы 8,7 мың (111%) бас, түйе 2,4 мың (107,5%) бас, құстар 33,1 (96,2,%) мың басты құрады.
Шардара ауданында «Ирригациялық дренаж жүйелерiн жетiлдiру» жобасының 2-кезеңiн (ПУИД-2) iске асыруға Үкiмет тарапынан 2019-2021 жылдарға 23 млрд. 374 млн. теңге қаржы жоспарланып, бүгiнгi таңға мердiгер СП «Тахал-Мелиоратор» мекемесi жеңiп алды. Ағымдағы жылы жоғарыда аталған қаржының 2 млрд 608 млн. теңгесiне құрылыс жұмыстарына қажеттi материалдар алынуда. Жоба аясында аудандағы 12 530 гектар суармалы егiстiк жерлердiң бойында орналасқан 311 шақырымды құрайтын каналдар тазаланып, қаптау жұмыстары (облицовка) жүргiзiледi және 1585 дана гидроқұрылыстар (ағын су тоспалары, су өлшегiш қондырғылар) салынатын болады.
Сонымен бiрге, 404 шақырым ағын су қашыртқылары тазаланып, оның iшiнде 198 дана ағын су құрылыстары ауыстырылып, 10 шақырым электр линиясы тартылады, 1 дана насостық станциясы жаңадан қойылатын болады.
Сондай-ақ, жаңадан салынатын батыс ағын су қашыртқысы 2 метрге тереңдетiлiп қазылатын болады. Жалпы 19,3 шақырым батыс ағын су қашыртқысының жұмыстары белгiленген көлемде толықтай жүргiзiледi.
Құрылыс саласы.
Есептi мерзiмде (11 айдың қорытындысы бойынша) орындалған құрылыс жұмыстарының көлемi 4036,9 млн.теңгенi, нақты көлемiнiң индексi 98,9% құрап отыр. Пайдалануға берiлген тұрғын үйлердiң көлемi 12129 шаршы метрдi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 158,8%-ды құрап отыр.
Ағымдағы жылы 2018 жылдан өтпелi болып танылған жалпы құны 1081,2 млн.теңгенi құрайтын 6 жобаның құрылысын жүргiзу қолға алынған. Оның 2 нысаны тұрғын-үй құрылысы, 2-i бiлiм нысандары, 2-i электр желiсiмен қамту нысандары. Осы нысандардың 3-i өтпелi нысандар. Бүгiнгi таңға 3 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берiлдi.
- Шардара қаласындағы Астана және Әл-Фараби көшелерiндегi 4 қабаттты тұрғын үйлердiң құрылысы. 2020 жылдың наурыз айында пайдалануға берiлетiн бұл нысандардың жалпы құны 754,7 млн. теңге.
- Шардара қаласы Мұнай база ауылындағы №4 Ы.Алтынсарин атындағы 60 орындық бастауыш мектеп осы жылдың тамыз айында пайдалануға берiлсе, А.Иманов атындағы 300 орындық орта мектеп 2020 жылдың тамыз айында пайдалануға берiлмек. Нысандардың құны 866,3 млн.теңге.
- Шардара қаласындағы Әсем және Нұр Отан мөлтек аудандарын электр желiлерiмен жабдықтау нысандарының құрылысы аяқталып, 2019 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды. Нысандардың жалпы құны 216,7 млн.теңге.
Ауызсумен қамтамасыз ету.
Аудан бойынша құбыр суымен қамтылған халықтың үлесi – 94,97 пайызды құрап, орталықтандырылған құбыр суымен қамтылған 16 елдi мекеннiң 9 елдi мекенiнде (Шардара қаласы, Шардара, Қоссейiт, Көксу, Ұзыната, Айдаркөл қашар, Баспанды, Жоласар, Жаушықұм ауылдары) ауызсу 24 сағат бойына берiлуде.
Ағымдағы жылы 2018 жылдан өтпелi болып танылған 4 бiрлiк ауызсумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы жүргiзiлiп, пайдалануға берiлдi.
- «Жаушықұм елдi мекенiнiң ауызсу жүйелерiнiң құрылысы» нысанына 2019 жылы 90,8 млн.теңге бөлiнiп, жобаға сәйкес 371 абонент ауызсумен қамтылды.
- «Көксу ауылы, Айдаркөл қашар елдi мекенiнiң ауызсу жүйелерiнiң құрылысы» нысанына 2019 жылы 15,8 млн.теңге бөлiнiп, жобаға сәйкес 71 абонент ауызсумен қамтылды.
- «Көксу ауылы, Баспанды елдi мекенiнiң ауызсу жүйлерiнiң құрылысы» нысанына 2019 жылы 19,96 млн.теңге бөлiнiп, жобаға сәйкес 39 абонент ауызсумен қамтылды.
- «Көксу ауылы, Жоласар елдi мекенiнiң ауызсу жүйелерiнiң құрылысы» нысанына 48,1 млн.теңге бөлiнiп, жобаға сәйкес 39 абонент ауыз сумен қамтылды.
2019 жылы 1 бiрлiк ауызсумен қамтамасыз ету нысанының құрылысы басталып, 2020 жылға өтпелi болды.
- «Шардара қаласы №14 бекет, Мұнай база ауылы және Тұрысбеков а/о қарасты Ақбердi елдi мекендерiнiң ауызсу жүйелерiнiң құрылысы» нысанына 2019 жылға республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлiнiп, 1 бiрлiк ұңғыма қазылды (тереңдiгi 70 м.), 1,2 шақырым су құбырлары,
60 дана құдықтары салынды.
Бұдан бөлек, халық санының басымдықтарына қарай жергiлiктi бюджеттен 11,9 млн.теңге бөлiнiп, елдi мекендерде ауызсу жүйелерi құрылысына 2 жоба әзiрлендi. Олар:
- «Шардара ауданы Қызылқұм а/о Қызылқұм ауылының ауызсу беру торабы құрылысына» аудандық бюджеттен ЖСҚ дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Жобаның құны 348,1 млн.теңгенi құрайды.
- «Шардара қаласы бас су торабының тазарту станциясын қайта құру» жобасы әзiрленiп, сараптама қорытындысы алынды. Жобаның құны 3045,813 млн. тенге.
Әзiрленген жобалардың құрылысын 2020 жылға қаржыландыру үшiн тиiстi құжаттары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырылып, салалық қорытындысы алынды
Сарқынды су жүйелерi қызметiмен қамтамасыз ету мақсатында құны 106,3 млн. теңгеге «Шардара қаласының жаңа қоғамдық орталығында канализациялық сорғы станциясын және канализация желiлерiнiң құрылысы» жүргiзiлiп, ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға берiлдi. Одан бөлек, «Түркiстан облысы, Шардара қаласы, Абай, Қызылжар, Майқала, Ақбала мөлтек аудандарының канализация жүйелерiнiң құрылысы» нысанының ЖСҚ аудандық бюджет қаржысына әзiрленiп, сараптамаға ұсынылды.
Табиғи газбен қамтамасыз ету. Аудан бойынша 3 елдi мекен (Қазақстан, Целинный, Ұзыната) табиғи газ көзiне қосылған. Оларда тұратын халық саны – 13 730 адам (2026 үй), аудан тұрғындарының 17,3 пайызы.
Ағымдағы жылы «Газ тасымалдау жүйелерiн дамыту» бюджеттiк бағдарламасы бойынша 2018 жылдан өтпелi болып танылған 6 нысан құрылысы облыстық бюджет қаржысы есебiнен жүргiзiлiп, пайдалануға тапсырылды.
- «Шардара ауданын газбен қамтамасыз ету үшiн «Шардара» ГРС-18 және газ құбырынан бұрып алу» (түзету)» нысанының құны 2912,6 млн. теңге. 2019 жылға 93,1 млн. теңге бөлiнiп, қараша айында тапсырылды.
- «Шардара ауданы, Ақшеңгелдi а/о, Ақалтын елдi мекенiндегi iшкi газ жүйелерiнiң құрылысы» нысанының құны 136,4 млн. теңге. Нысан құрылысына 2019 жылға 74,8 млн.теңге бөлiнiп, нысан шiлде айында пайдалануға тапсырылды.
- «Шардара ауданы, Ақшеңгелдi а/о, Егiзқұм елдi мекенiндегi iшкi газ жүйелерiнiң құрылысы» нысанының құны 102,96 млн. теңге. 2019 жылға 56,6 млн.теңге бөлiнiп, нысан қазан айында пайдалануға тапсырылды.
- «Шардара ауданы, Сүткент а/о, Сүткент елдi мекенiндегi iшкi газ жүйелерiнiң құрылысы» нысанының құны 221,1 млн. теңге. 2019 жылға
108 млн.теңге бөлiнiп, нысан мамыр айында пайдалануға тапсырылды. - «Шардара ауданы, Қызылқұм а/о, Қызылқұм елдi мекенiндегi iшкi газ жүйелерiнiң құрылысы» нысанының құны 163,5 млн. теңге. 2019 жылға 15,2 млн. теңге бөлiнiп, нысан мамыр айында пайдалануға тапсырылды.
- «Шардара ауданы, Достық а/о, Достық елдi мекенiндегi iшкi газ жүйелерiнiң құрылысы» нысанының құны 274,4 млн. теңге. 2019 жылға 17,7 млн.теңге бөлiнiп, нысан мамыр айында пайдалануға тапсырылды.
Бүгiнгi күнге, ауылдарды табиғи газ жүйесiне қосу бойынша Қазақстан-Достық ауылдары аралығындағы жоғары қысымды магистралдi газ құбыры және Сүткент, Ақалтын-Егiзқұм тармақтары қысыммен тексерiлiп, сығымдау жұмыстары жүргiзiлдi. Қысыммен тексеру жұмыстары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен Шардара аудандық бөлiмшесi мамандарының қатысуымен жүргiзiлiп, арнайы сынақ актiсi түзiлдi. Аталған газ құбырын газбен толтыру бойынша газ шығынының есебi жасалып, табиғи газ көлемi 167,473 мың м3 анықталды. Қажеттi қаржы көлемi 4,689 млн. теңге.
Аудан бойынша 2020 жылы газдандырылған елдi мекендер саны 8 бiрлiк болып, елдi мекендердiң 32 пайызы, аудан тұрғындарының 34 пайызы табиғи газбен қамтылатын болады.
Шардара қаласын және қаламен iргелес елдi мекендердi табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қаламен iргелес Ақбердi елдi мекенiнде ГРС №18 «Шардара» стансасы салынып, пайдалануға берiлдi.
Осы жоба аясында Шардара қаласы және қаламен iргелес 11 елдi мекендегi (Шардара қаласы, Қоссейiт, Жаушықұм, Бағыскөл, Жаушықұм-1, Қалғансыр, Құйған, Шардара, Ақбердi, Бозой, Қуанқұдық, Пiшентөбе ауылдары) 44 120 адамды (аудан тұрғындарының 55,7 пайызы) табиғи газбен қамтылуға мүмкiндiк алады.
Бүгiнгi күнге Шардара қаласы Өтеғұл шағын ауданын және «Шардара» №18 ГРС-нан Шардара қаласына жоғары қысымды газ құбырын тарту үшiн «ОҚО, Шардара ауданы Шардара қаласы үшiн «Шардара» №18 ГТС-тан тартылатын жоғары қысымды газ құбырын және Өтеғұл ықшамауданында орамiшiлiк орта қысымды газ құбырын салу» нысаны бойынша 2019 жылға 700,0 млн. теңге бөлiнiп, құрылыстары жүргiзiлдi. Осы жобаға сәйкес, Өтеғұл мөлтек ауданында тұратын 4000-нан астам халық газдандырылатын болады. Нысан құрылысы 2020 жылға өтпелi. Құрылысын жүргiзушi мердiгер мекеме «Комби Строй-1» ЖШС. Жалпы 2019-2024 жылдар аралығында 16 елдi мекендердi газдандыру жоспарланып, аудан бойынша 21 елдi мекендердегi 78 997 халықты (99,4%) табиғи газбен қамту күтiлуде.
Бұдан бөлек, Шардара қаласын газдандыру үшiн қала аумағы 6 кезеңге бөлiнген.
I кезең бойынша жалпы сметалық құны 1 525,4 млн.теңге болатын «ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласына «Шардара» ГРС №18 жоғары қысымды газ жеткiзiп берушi газ құбыры және Шардара қаласы «Өтеғұл» шағын ауданын квартал iшiндегi (орта қысымды газ құбыры) газ жүйелерiнiң құрылысы» жобасы құрылысы 2019 жылы басталып, 700 млн. теңгенiң құрылыс-монтаж жұмыстары жүргiзiлдi. Нысан құрылысы 2020 жылға өтпелi.
II кезең бойынша Шардара қаласы Қызылжар, Абай шағын аудандарын газдандыру үшiн «ОҚО, Шардара ауданы Шардара қаласын газбен қамтамасыз ету үшiн газ жүйелерiнiң құрылысы» жобасы ЖСҚ әзiрленiп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сметалық құны 767,8 млн.теңге. Әзiрленген ЖСҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына құрылысын 2020 жылға қаржыландыру үшiн тапсырылды.
III кезең бойынша Шардара қаласы Мелдеби, Қанайдатқа шағынаудандарын газдандыру үшiн «ОҚО Шардара қаласындағы Мелдеби, Мешiт шағын аудандарын газдандыру» жобасы әзiрленiп, сараптама қорытындысы алынды. Сметалық құны 825,902 млн теңге.
IV, V, VI кезеңдерi бойынша «Түркiстан облысы Шардара қаласындағы Төменгi тоғай, Ақбала, Майқала, Наурыз, Нұр Отан, №3 және №4 шағын аудандарындағы кварталiшiлiк газ құбыры желiлерiнiң құрылысы» ЖСҚ әзiрлеу жұмыстары бойынша облыстық мемлекеттiк сатып алу басқармасымен ұйымдастырған конкурстың қорытындысымен «Улмад» ЖШС жеңiмпаз болып танылды. ЖСҚ-ны дайындау мерзiмi 2020 жылдың I жартыжылдығы.
Сонымен қатар, «Түркiстан облысы, Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округi, Шардара ауылының iшкi газ жүйелерiнiң құрылысы» жобасы ЖСҚ әзiрленiп, сараптама қорытындысы алынды. Сметалық құны 767,1 млн. теңге. Әзiрленген ЖСҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына құрылысын 2020 жылға қаржыландыру үшiн тапсырылды.
Автомобиль жолдары саласы. Аудан аумағындағы облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 235,2 шақырымды құрайды. ұзындығы 235,2 шақырымды құрайды. Оның 90,2 шақырымы немесе 38,3 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 48,73 шақырымды құрап, оның 39,6 шақырымы немесе 78,9 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Көшелер мен iшкi шаруашылық жолдарының ұзындығы 504,3 шақырымды құрап, оның 349,9 шақырымы немесе 67,4 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.
2019 жылы жергiлiктi бюджеттен 271 млн. теңге бөлiнiп, Қызылқұм ауылдық округiндегi Маметова, Ақшеңгелдi ауылдық округiндегi С.Сейфуллин, Маметова көшелерiне орта жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.
Көксу ауыл округiндегi Ендiбаев, Алматы көшелерiне күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Нысан 2020 жылға өтпелi.
Сонымен қатар, аудандық бюджет есебiнен 8,9 млн.теңгеге қала iшiндегi 46 көшелерге (4379 ш.м.) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлсе, облыстық бюджет есебiнен 380,7 млн. теңгеге Шардара қаласындағы негiзгi 5 көшеге (Оңдасынов көшесi ұзындығы - 2,95 шқ, Түгелбаев көшесi ұзындығы - 1,35 шқ, Төле би көшесi ұзындығы – 1,94 шқ, Қазыбек би көшесi ұзындығы - 2,65 шқ, Тұрысбеков ұзындығы - 0,940 шқ) орта жөндеу жұмыстарын жүргiзу жоспарланды. Мемлекеттiк сатып алу шараларының қорытындысымен «Еркiн-Сенiм» ЖШС жеңiмпаз болып танылған. Орта жөндеу жұмыстары мердiгер «Еркiн-Сенiм» ЖШС тарапынан өз дәрежесiнде жүргiзiлмей бекiтiлген мерзiмге тапсырылмады. Бекiтiлген мерзiмде тапсырылмауы және жөндеу жұмыстарының сапасының нашарлығы бойынша сотқа талап арыз жолданып, арыз соттың қарауында.
Абаттандыру, көрiктендiру жұмыстары.
Бүгiнгi күнге жоспарға сәйкес, 60 мың түп ағаш көшеттерi, 400 түп роза гүл көшеттерi, 400 түп қылқан жапырақты ағаш көшеттерi отырғызылды. Бюджет қаржысы есебiнен 18,5 мың түп ағаш көшеттерi отырғызылып, тұрақты күтiмге алынған.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен ұйымдастырылған тексерудiң нәтижесiнде отырғызылған ағаш көшеттерiнiң 80 пайызының өсiм алғандығы анықталды.
Шардара қаласындағы саябақтар мен скверлердi, жасыл аймақтарды күтiп ұстауға аудандық бюджеттен 41,4 млн. теңге бөлiнiп, 47 гектар саябақтар мен скверлер, жасыл аймақтар тұрақты күтiмде болды. Күтiп ұстау жұмыстары Шардара ауданы әкiмдiгiне қарасты «Шардара Жасыл аймақ» МКК-на бекiтiлген.
Тугелбаев көшесiнiң бойын абаттандыру бойынша осы көшенiң бойына суағарлар мен аяқ жол салуға 27,8 млн. теңге бөлiнiп, абаттандыру жұмыстары жүргiзiлуде. Шардара қаласындағы №14 Бекет аумағындағы Жiбек жолы көшесiмен Жетiсай-Арыс тас жолының қиылысында 1 бiрлiк бағдаршам орнатылды. Төле би көшесiнiң бойында 450 метр суағар және аяқ жол салынып, көгалдандырылды және тамшылатып суғару жүйесi салынды. Сонымен қатар осы көшенiң бойына 1,3 шақырым велодорожка және аяқ жол салынды. Шардара-Абай тас жолы бойынан 2,9 шақырым велодорожка және аяқ жол салынып, 150 дана жарықтандыру шамдары орнатылды. Жастар көшесi бойынан 1,4 шақырым аяқ жол салынып, 2,2 га. жасыл аймақ аумағы қоршалды. Шардара қаласындағы Жастар, Б.Саттарханов, С.Әшiров, Әл-Фараби, Абай, С.Рахимов көшелерiндегi бұрынғы РКУ шамдары жаңа типтегi LED шамдарына ауыстырылып, осы көшелердiң жарықтандырылуы жақсарды. Шардара мектеп лицейiне баратын жолдың бойына, №12 жалпы орта мектебi орналасқан Қожанов көшесiне және Құрманғазы жалпы орта мектебi орналасқан К.Байсейтова көшесi бойына 21 дана жарық бағандары орнатылды. Шардара қаласынан шыға берiстегi «Төрт қақпа» кешенi аумағында және Оңдасынов көшесiнiң бойында абаттандыру жұмыстары жүргiзiлуде.
Елдi мекендердi электрлендiру. 2019 жылы аудандық бюджет есебiнен 23,6 млн.теңге бөлiнiп, Шардара қаласындағы 2 коммуналдық тұрғын үйлердi бiр трансформаторға бiрiктiру жұмыстары жүргiзiлдi. Сонымен қатар, Шардара ауылы Тәуелсiздiк көшесiндегi төменгi кернеулi электр желiсi жөнделдi, коммуналдық меншiктегi 16 бiрлiк трансформатор қондырғылары қауiпсiздiк мақсатында қоршалды.
Бұдан бөлек, №14 Бекет шағын ауданы Мұқанов көшесiндегi төменгi кернеулi электр әуе желiсi жөнделсе, Мұнай база елдi мекенiндегi электр желiсiн жөндеу және қосымша трансформатор қондырғысын орнату жұмыстары жүргiзiлдi.
Шардара қаласындағы Б.Саттарханов көшесiне 17 LED шамдары мен көпқырлы бағаналар, Жастар көшесiне 44 LED шамдары мен көпқырлы бағаналарын орнату жұмыстары жүргiзiлiп жатса, жарықтандырылған 23 көшедегi 815 жарықтандыру шамдарын күтiп ұстау жұмыстары жүргiзiлдi.
Тұрғын үйлердi күрделi жөндеу.
«Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасының» Тұрғын үй қорын жаңғырту тетiгiне сәйкес, қаладағы 6 бiрлiк көпқабатты тұрғын үйлер күрделi жөндеуден өтуде. Бұл мақсаттарға 153,8 млн. теңге қаралды. Олар Шардара қаласындағы Әл-Фараби көшесi №9, 12, А.Оразбаева көшесi №6, 8 және Төле би көшесi № 44, 46 көп қабатты үйлер. Бүгiнгi таңға, тұрғын үйлердi күрделi жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Тұрғын үйлердiң шатырлары, ортақ пайдаланымдағы есiк және терезелерi ауыстырылып, қасбетiн әрлеу, жертөлелердегi канализация жүйелерiн ауыстыру жұмыстары жүргiзiлдi.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк көмек.
Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасына 2019 жылы 4100 (о.i. 1480 жас) адам қатыстырылды, оның iшiнде: 1086 (о.i. 297 жас) жұмыссыз, 1904 (о.i. 644 жас) нәтижесiз жұмыспен қамтылғандар, 1110 (о.i. 347 жас) жұмыс iздеушiлер. Жалпы бағдарламаға қатысушылардың 21 пайызы немесе 862-i табысы аз азаматтар.
- «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 2019 жылы қысқа мерзiмдi оқытуға 180 азамат (о.i. 83 жас) 6 мамандық (шаштараз, дәнекерлеушi, азпазшы, жиһаз жинақтаушы, фермер, тiгiншi) бойынша оқуға жолданды. Оқуды аяқтаған 180 азаматтың 44-i жұмысқа орналасса, 52-i жаңа бизнес идеяларын iске асыру үшiн қайтарымсыз грант алды.
- «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағыты аясында 147 азамат (о.i. 81 жас) «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсiпкерлiк негiздерiне оқып сертификаттарын алды. Жолдама алған 93 азамат 341 млн. теңгеге несиелендiрiлсе, 370 азаматқа (о.i. 212 жас) жаңа бизнес идеяларды iске асыру үшiн 184,1 млн. теңге грант берiлдi.
- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша 2019 жылы 2748 (о.i. 777 жас) адам жұмыспен қамтылды. Оның iшiнде бос жұмыс орындарына 2579 адам (о.i. 777 жас), жаңадан ашылған жұмыс орындарына 169 адам жолданды.
Бағдарламаға 102 мүмкiндiгi шектеулi азаматтар қатыстырылды.
Әлеуметтiк жұмыс орындарына 176 (о.i. 56 жас) жұмыссыз жолданса, жастар практикасына 152 жас маман, қоғамдық жұмыстарға 234 (о.i. 79 жас) жұмыссыз жолданды.
Есептi мерзiмде 3674 отбасының 21930 мүшесiне 2 527,6 млн. теңгеге атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.
Сонымен қатар, туберкулез ауруымен ауыратын 37 азаматқа жергiлiктi бюджеттен 8,9 млн. теңге қаржы төленсе, ВИЧ iндетiн жұқтырған 2 балаға 1 327,1 мың теңге қаржы төлендi.
Аудандағы жалғызiлiктi 117 қарттарға жергiлiктi бюджеттен 606,0 мың теңгеге әлеуметтiк көмек көрсетiлсе, демеушiлер тарапынан 147 мың теңгеге көмек көрсетiлдi. Үйде оқытылып, тәрбиеленетiн мүмкiндiгi шектеулi мүгедек 81 балаға жергiлiктi бюджеттен 1 893,0 мың теңге әлеуметтiк көмек төленсе, демеушiлер есебiнен 176 мың теңгеге көмек көрсетiлдi.
Денсаулық сақтау.
2018 жылы елiмiзде денсаулық сақтау жүйесiнiң инфрақұрылымын дамыту жөнiнде перспективалық жобаларды iске асыру қолға алынған болатын.
2018 жылы құны 1 600,0 млн. теңгеге қала орталығында аудандық емханаға қосымша 150 адамды қабылдауға арналған ғимарат және жедел жәрдем бөлiмi ғимаратының құрылысы жүргiзiлуде. Нысан 2020 жылы қараша айында пайдалануға берiледi. Қызылқұм, Ұзыната, Шардара және Жаушықұм ауылдарында 4 дәрiгерлiк емханалар күрделi жөндеуден өттi.
Алдағы уақытта аудандық емхана, Әйелдер кеңесi, Қоссейт дәрiгерлiк емханасы және төменгi тоғай медициналық тiрегi (пунктi) 2020 жылы күрделi жөндеуден өткiзiлмек. Алдағы уақытта Көксу елдi мекенiне заманауи модульдық медициналық пункт салынбақ.
Шардара аудандық орталық ауруханасының ғимаратында 8,6 млн. теңге тұратын заманауи талаптармен жабдықталған лифт жүйесi қосылып, жұмыс жасауда.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 12 сарып ауруы анықталып, алдынғы жылмен салыстырғанда 9 фактiге, туберкулез ауруы 30 науқаста тiркелiп, 9 фактiге, өткiр iшек инфекциясы 34 науқаста тiркелiп, 1 фактiге азайса, вирусты гепатит 5 тiркелiп, өткен жылмен салыстырғанда 3 фактiге көбейген. 11 сәби шетiнеп, өткен жылмен салыстырғанда 4 фактiге азайған. Ана өлiмi тiркелмеген.
Бiлiм. Аудан бойынша бiлiм саласының қарыштап дамуына барынша жағдайлар жасалып жатыр. Бұл бағытқа салынып жатқан қаржы – болашаққа салынған, қайтарымы мол инвестиция десек артық айтқандық емес. Ауданда жалпы бiлiм беретiн 31 мектепте 19183 оқушы бiлiм алуда. 3 мектептен тыс мекеме, 36 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары жұмыс атқаруда.
Шардара ауданы бойынша 2018-2019 оқу жылында Ұлттық бiрыңғай тестiлеу қорытындысы бойынша ауданның орта балы 77 балды құраса, 48 оқушы «Алтын белгi» иегерi атанды.
Бiлiм беру ұйымдарының оқушыларын оқулықтар және оқу әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi бюджеттен 2019 жылы 235,8 млн. теңге қаралып, 2019-2020 оқу жылына қажеттi 4, 9, 10 сыныптарға арналған оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендер алынып, 100 пайыз қамтамасыз етiлдi.
Мектептердегi информатика кабинеттерi 1686 компьютермен жабдықталған, нәтижесiнде 1 компьютердi пайдаланатын оқушы саны
10,7 бiрлiкке жеткен. Аудан мектептерiнiң телефонмен байланысы және интернет желiсiн пайдалану 31 мектептiң барлығында орнатылған.
31 мектептiң барлығы (қорғалған) кең жолақты интернет желiсiне қосу үшiн 13,6 млн.теңге, 21 мектептi оқушы партасымен жабдықтауға 63,0 млн.теңге қаржы қаралған.
5043 бала мектепке дейiнгi тәрбиемен қамтылып, қамтылу деңгейi 100 пайызды құрады.
2019 жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебiн күрделi жөндеуден өткiзуге 106,4 млн.теңге, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебiн күрделi жөндеуден өткiзуге 40,6 млн.теңге, Қызылқұм жалпы орта мектебiн күрделi жөндеуден өткiзуге 29,3 млн. теңге қаралды.
Сонымен қатар, бiлiм бөлiмiне қарасты 30 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге 30,0 млн.теңге қаржы қаралған.
Спорт саласы.
Есептi мерзiмде аудан бойынша 498 спорттық iс-шаралар өткiзiлдi. Бұл iс-шараларға жалпы есебi 51889 адам қатысты.
Ауданымыздың спортшылары 177 облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегi сыртқы жарыстарға қатысты. Нәтижесiнде
249 спортшы Түркiстан облысының чемпиондары, 122 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионы және жүлдегерлерi, 56 спортшы азия чемпиондары және жүлдегерлерi, 37 спортшы әлем чемпиондары әлем чемпионатының жүлдегерi, 19 спортшы Халықаралық турнирлердiң жеңiмпазы атанды.
Осы жарыстардың қорытындысымен 2019 жылы аудан спортшылары 10 «Спорт шеберi», 91 спортшысы «Спорт шеберлiгiне үмiткер» атағының иегерлерi атанды. Есептi кезең iшiнде әртүрлi спорт түрлерi бойынша ауданымыздың 85 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына мүше атанды. Жылдың қорытындысы бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмi облыс көлемiнде «Үздiк спорт бөлiмi» атанды.
Мәдениет саласы.
Өткен 2019 жылы ауданда 765 мәдени-көпшiлiк iс шаралар өткiзiлiп, 385450 көрермен қатысты. Ерекше атап өтетiнiмiз «Жастар жылы» аясында үш облыстық байқау ауданда өткiзiлдi. Бiрiншiсi ақын, түркiтанушы Әмiрхан Балқыбек атындағы «Жасындай жарқ еткен ғұмыр» мүшәйрасы, екiншiсi ҚР Мәдениет қайраткерi дәстүрлi әншi Бейсембек Бибосынов атындағы «Халық әнi-қазынам» облыстық халық және дәстүрлi әншiлер байқауы, үшiншiсi Шардара ауданының 55 жылдық мерейтойына орай, аудан мерейiн асқақтату, ән өнерiн дамыту, ұлттық рухта тәрбиелеу, халық арасында ән шығармашылығының дамуына қолдау көрсету мақсатында «Шырқалсын Шардараның әндерi» атты Шардара туралы әндер мен Шардара ауданының тумасы республикаға танымал сазгер-әншi Лесбек Амановтың әндерiн орындау бойынша облыстық байқау өткiзiлдi. «Жасындай жарқ еткен ғұмыр» облыстық жыр мүшәйрасы 17 мамыр күнi өткiзiлiп, 22 жас ақын қатысты. I-орынды Шардаралық Лесбек Ұлжалғас иемдендi.
Аудан өнерпаздары ағымдағы жылы 17 облыстық байқауларға қатысып, жүлделi орындардан көрiне бiлдi. Облыстық байқаулардан 4 үмiткер жүлделi III орынды, 4 үмiткер жүлделi II орынды, 3 үмiткер жүлделi I орынды иемденсе, 6 арнайы номинация иегерлерi анықталды.
Қылмыс.
Жылдың қорытындысы бойынша ауданда 237 қылмыс тiркелiп, өткен жылмен салыстырғанда 101 фактiге немесе 29,9 пайызға кемiген. Ауыр қылмысты ашу деңгейi 87,5 пайызды құрап отыр. 27 жол-көлiк оқиғасы тiркелiп, өткен жылмен салыстырғанда 17 фактiге немесе 38,6 пайызға кемiген.
Арыз-шағымдар туралы.
2019 жылдың 12 айында аудан әкiмi аппаратына жеке және заңды тұлғалардан жалпы 480 арыз-шағым түскен. Оның iшiнде 376 өтiнiш,
39 шағым, 65 басқада өтiнiштер. (2018 жылы 12 айында 282 арыз-шағымдар түскен). Заңды тұлғалардан түскен өтiнiштер – 57, жеке тұлғалардан – 220, жеке қабылдауда – 203 азаматтар болған.
Өтiнiштерде көтерiлген мәселелер сала бойынша: Ауыл шаруашылығы, жер ресурстарын пайдалану туралы - 106, әлеуметтiк сала, жұмыспен қамту және еңбек қатынастары туралы – 127, бiлiм берудiң жалпы мәселелерi – 49, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жол құрылысы туралы – 122, басқада салалар бойынша – 76.
2019 жылдың 12 айында тiркелген 480 өтiнiштiң 23-i қанағаттандырылған, 23 өтiнiш қараудан қысқартылған, 27 өтiнiш басқа органдарға жолданған, 405 өтiнiштерге түсiндiрме жауаптар берiлген, есептiк кезеңнiң соңына орындалу мерзiмi бар 2 өтiнiш қалдық қалған.
2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы арыз-шағымдар 42,1% өскен.
2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пiкiрлердiң орындалуы туралы.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкiмдердiң, ұлттық жоғары оқу органдары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Жарлығына сәйкес, 2018 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкiмiнiң тұрғындармен өткен кездесу барысында жалпы 36 ұсыныс пiкiр түскен. Оның iшiнде: ауызсу мәселесi-2 (жалпы ұсыныстың 5,5%), жер мәселесi-2 (жалпы ұсыныстың 5,5%), жол жөндеу-9 (жалпы ұсыныстың 25%), денсаулық, бiлiм, мәдениет, әлеуметтiк сала бойынша-4 (жалпы ұсыныстың 11,1%), электрлендiру, газдандыру мәселесi
-4 (жалпы ұсыныстың 11,1%), көрiктендiру, абаттандыру-3 (жалпы ұсыныстың 8,3%), әртүрлi мәселе-12 (жалпы ұсыныстың 33,5%). Осы ұсыныстардың нақты шешiмiн тапқаны 9 мәселе (25%), 17 (47,2 %) ұсыныс бойынша жобалау-сметалық құжаттары дайындалып 2020 жылдың бюджет жоспарына ұсынылған, 6 (16,6 %) мәселе бойынша шешу құзыреттiлiгiне сәйкес тиiстi облыстық басқармаға немесе мекемеге шешу бойынша ұсыныс хат жолданған, 4 (11,1%) мәселе тұрақты бақылауға қойылған.
Алда тұрған мiндеттер.
Бұл тұрғыда алға қойып отырған мақсаттарымыз айқын. Ең бастысы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын, мемлекеттiк, салалық бағдарламаларды, облыс әкiмiнiң 2020 жылға арналған iс-қимыл жоспарын жүзеге асыра отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру басты назарда болады.
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жаппай кәсiпкерлiктi дамыту және тұрақты жұмыс орындарын ашу, салық түсiмдерiн молайту көзделуде.
Ауданға инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру, оның iшiнде бюджеттен тыс инвестицияны тарту, жағажай туризмiн дамытуды жүзеге асыру мiндетi тұр.
Әлеуметтiк сала нысандарының құрылыстарын аяқтауымыз қажет. Шардара қаласы мен елдi мекендер абаттандырылатын болады. Шардара қаласы мен ауылдық округтердi табиғи газбен қамту басты мiндеттердiң бiрi болады.