Елімізде қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлері күні ретінде аталып өтіледі. Табиғат жанашырларының төл мерекесі биылғы жылы 16 қазанға дөп келді. Республика күні қарсаңына тура келген төл мерекелерін «Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесі көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.

Мереке күні аталған мекеменің ұйымдастыруымен орман шаруашылығы қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир болып өтті. Жарысқа орманшылардан құрылған 6 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Мерекелік турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, «Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Дулат Сартбаев, «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Сәбит Лахановтар сөз алып, табиғат қорғаушыларды мерекелерімен құттықтады. Сонымен бірге осы салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерге аудан әкімі атынан, өзге де мекеме басшылары атынан Алғыс хаттар табыс етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен үздік ойын көрсеткен ойыншылар бағалы сыйлықтарға ие болды. 

Өз тілшімізден.