Құрметті шардаралықтар!
Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл – өткен жылы атқарылған жұмыстарды зерделеп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.
Шардаралықтар да тарих қойнауына еніп бара жатқан 2023 жылды шығарып салып, жаңа жылды жаңа еңбек жетістіктерімен қарсы алғалы отыр. Біздің бүгінгі мақсатымыз бен міндеттеріміз тұрғындарымыздың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған.
Аудан тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп, пайдалануға берілсе, көшелер жарықтандырылып, кәсіпкерлік бағыттағы бірқатар қызмет көрсету орындары ашылды.
Ауданның жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізілді. Шағын және орта бизнесті дамытуда оң динамика қалыптасты.
Мұның барлығы да ауызбіршілігі мен татулығы жарасқан аудан халқының еңбегі, шардаралықтардың маңдай тері. Келесі жылы да жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.
Қымбатты жерлестер!
Біз қашан да жаңа жылдан, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Жаңа жыл барлық бастамаларыңызға ақ жол ашып, еліміз үшін берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!
Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.
Құрметпен, Аудан әкімі А.Қарсыбаев
Аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүтәлиев