Республика күні қарсаңында бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапат иелерінің қатарында еңбек адамдары, ғалымдар, дәрігерлер, ұстаздар, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер мен әскери қызметкерлер бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлыққа сәйкес, азаматтар елдің дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталды.

Мемлекеттік марапатқа ие болғандардың қатарында жерлесіміз, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Әймен Қуатбек Жүнісбекұлы да бар.

Қ.Әймен 1956 жылы дүниеге келген. Ғалым-агроном. Еңбек жолын 1979 жылы «Восход» кеңшарында гидротехник-агроном болып бастаған. Онан кейін «Шардара» кеңшарында, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында, «Казагрополис», «Казагромаркетинг» мекемелерінде агроном, бөлім бастығы, «Бәйтерек» өндірістік кооперативінде төраға, «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де Шардара ауданы бойынша басшысы қызметтерін атқарған.

Марапат иесіне мемлекеттік наградаңыз құтты болсын дейміз!

 «Өскен өңір» – ақпарат.