Аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы апта басында аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларын қабылдап, олар жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттердің орындалу барысын қарады.

Мәжілісте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, әлеуметтік сала, ішкі саясат, мәдениет және спорт, экономика, қаржы және кәсіпкерлік бағыттарындағы жұмыстардың тиімділігі сараланып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес нақты тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі коммуналдық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, құрылыс сапасы мен заң талаптарының сақталуын бақылау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану, мәдениет және спорт салаларының жұмысын жандандыруды, халықты әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, бюджеттік қаражаттардың тиімді игерілуін бақылау және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырды.

Мәжіліс қорытындысында барлық сала басшыларына жүктелген міндеттерді Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сапалы, әрі мерзімінде орындау, халықпен кері байланысты күшейту және атқарылған әрбір жұмыстың нақты нәтижеге бағытталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

         Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.