14 қыркүйек күні «Шардара ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде жұмыссыздарға, мүгедектігі бар адамдарға және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде 11 жұмыс беруші мекемеден 64 бос жұмыс орны ұсынылып, 59 жұмыссыз азамат қатысты. Жәрмеңке нәтижесі бойынша 41 азамат жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 азамат (1 азамат пробация қызметі есебінде тұрады) тұрақты жұмысқа, 13 азамат қоғамдық жұмысқа, 5 жас маман «Жастар практикасына», 1 азамат «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа жолданды. Қалған 18 азаматтың 13-і «Бастау Бизнес» жобасына, 5 азамат қысқа мерзімді курсқа қатысуға ниет білдірді.

Өз тілшімізден.