Таяуда ауданға ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Әлібекұлы Өсербай келді. Вице-министр 12192 гектарды құрайтын Жаушықұм массивін, Шардара су қоймасының және Су электр станциясының жұмыстарымен танысты.

Аудан әкімі Қ.Жолдыбай вице-министрге әр нысанның жұмыс барысын баяндап, жобалардың жүзеге асу жоспарын айтты. Сондай-ақ, вице-министр Шардара ауданынан инвесторлардың ықпалымен қант қызылшасын өндіретін зауыт салу жоспарын тілге тиек етіп, ауданның аталмыш зауытты салуға қолайлығын саралады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.