19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауында 7 партиядан 283 адам партиялық тізім арқылы 69 мандат үшін бәсекеге түседі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

«8 ақпан күні сағат 18:00-де барлық өңірде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға барлық 7 саяси партияны жіберді», – деді ол комиссия отырысында.

Оның дерегінше, барлық 7 саяси партия Мәжіліс сайлауына қатысу үшін 283 кандидаттан тұратын партиялық тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынған. «Саяси партия партияға мүше болмаған тұлғаны тізімге қосуға құқығы жоқ екендігін еске салғым келеді. Партиялық тізімге қосылған тұлғалар саны саяси партиялар арқасында бөлінетін депутаттық мандаттың белгіленген санынан 30 пайызға асып кетпеуі тиіс. Бұл ары кеткенде 90 адам, одан төмен де болады. Партиялар партиялық тізім саны қанша болатындығын дербес анықтады», – деді Константин Петров.

Сонымен Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатысады. Оның ішінде партиялық тізім арқылы «Қазақстан халық партиясынан» – 52, «Ақ жол» партиясынан – 54, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия- сынан» – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан – 18, «Ауыл» партиясынан – 25, «Respublica» партиясынан – 25, «AMANAT» партиясынан – 90 кандидат. Кандидаттардың жалпы саны – 283. 

«Өскен өңір» – ақпарат.