Шардара орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң демеушiлiгiмен

және қала әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен аз қамтылған, мүмкiндiгi шектеулi және жалғыз басты көпбалалы аналарға арнайы қоймада сақтаулы тұрған жүзген, сексеуiл ағаштары таратылды.

Табиғи отынмен қамтамасыз етiлген II топ мүгедегi Жетибаева Кулмырза, жалғыз басты ана Тулекова Нуржайна Сейтбековна, жалғыз басты ана Ходжакулиева Роза, II топ мүгедегi, жалғыз басты ана Турлыбекова Гаухар, жалғыз басты ана Симакина Валентина және жалғыз басты ана, баласы мүгедек Асабаева Маржан игi шараның басы-қасында жүрген қала әкiмi аппаратының бас маманы Г.Құрманбекке және орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiне өз алғыстарын жаудырды.   

Алдағы уақытта да мұндай игi iстер өз жалғасын таппақ.

Өз тiлшiмiзден.