20 ақпан күнi «Тiлдердi оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық-мемлекеттiк мекемесiнiң ұйымдастыруымен ұлттық бiрегейлiктi сақтау,
салт-дәстүрiмiздi, тiлiмiз бен әдебиетiмiздi, жоралғыларымызды, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгi қалыптастыру, мемлекеттiк тiлдi жоғары деңгейде меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және ынталандыру, тiл мәдениетiнiң мерейiн арттыру мақсатында «Тiл мерейi» атты аудандық байқау өттi.
Байқауға ауданымыздан 6 үмiткер қатысты. Олар алдын ала бекiтiлген 3 шарт бойынша сынға түстi. Үмiткерлер бiрiншi шартта ұсынылған тақырыптың мағынасын қазақ тiлiнде кеңiнен ашып көрсетсе, екiншi кезеңде Алтын Орданың 750 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конститутциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, Қазақстан халықтарының достығы, туған жерi мен тарихы туралы көлемi 1,5-2 бет болатын эссе жазды. Үшiншi кезеңде Абай Құнанбаев-тың 175 жылдығына, Әбу Насыр Әл-Фарабидiң 1150 жылдығына, Қазтуған жыраудың 600 жыл-дығына, Жүсiп Баласағұнның 1000 жылдығына орай аталған қаламгерлердiң шығармала-рынан үзiндi оқыды.
Сайыс қорытындысы бойын-ша Қоссейiт ауылының тұрғыны Қазақбай Гаухар Бас жүлде иегерi атанды. №16 кәсiптiк колледж студентi Волокитина Юлия I орынға лайық деп танылды. Қоссейiт ауылының тұрғыны Қазақбай Таджинисо II орынды, Аразбай Ораев III орынды иелендi. Бугаева Анастасия мен Аманова Мухадас арнайы номинация-ларды иемдендi. Жеңiмпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.
М.Жұбаева, «Тiлдердi оқыту және дамыту орталығының» оқытушысы.