Апта басында аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай аудан тұрғындарын жеке мәселелерi мен өтiнiштерi бойынша қабылдады.
Алғашқы болып қабылдауға келген Шардара қаласы, Т.Бокин көшесiнiң тұрғыны, ардақты ана Шайкүл Қаныбекова үй беруiн, болмаса тұрып жатқан үйiн жөндеуге материалдық көмек көрсетудi өтiнiш етiп келiптi. Қарияға үй алу үшiн бiрiншi ретте үй кезегiне тiркелу қажет екендiгiн, 5 жылға дейiнгi мерзiмде атында тiркеулi үй болмауы керектiгi, демеушiлер табылып жатса, материалдық көмек көрсетiлетiндiгiн айтып түсiндiрдi. Сол сияқты қала, бөлiм басшыларына қарияның үй-жайын көрiп, мән-жайды анықтауға тапсырма бердi.
Сол сияқты қабылдауда болған “Айбек” балабақшасының меңгерушiсi Чужаева Фарида, А.Әлiмбетов атындағы жалпы орта мектептiң лаборанты Әбдiманапова Гүлмира, Шардара ауылындағы мешiттiң имамы Әбдiраманов Смат, зейнеткер Батанова Шолпан, А.Иманов атындағы жалпы орта мектептiң мұрағатшысы Шойбекова Мираш өз өтiнiштерiн аудан басшысына айтып, тиiсiнше жауаптарын алды.
Iрiмшiк, май, құрт шығаратын цех ашу мақсатында жер учаскесiн сұрап келген “Қазсушар” қызметкерi Әлмұратов Ерханға қаланың бас жоспарына сай белгiленген жерлерден аукцион арқылы жер телiмiн алуға мүмкiндiгi бар екендiгi түсiндiрiлдi.
Жалпы бұл күнi онға жуық тұрғын аудан әкiмi Қайрат Жолдыбайұлының қабылдауында болып, өтiнiштерiне тиiстi жауаптарын алды.
Өз тiлшiмiзден.