Алатау батыр ауылының тұрғыны Қожасова Жiбек әжемiз биыл 100 жасқа толды.
Ғасыр жасаған кейуананы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнi мерекесi қарсаңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Министр Б.Нұрымбетов өз құттықтауында әжеге деген шынайы ықыласын бiлдiрiп, отбасына, ұрпақтарына амандық-саулық тiлептi.
Екi ғасырдың куәсi болған Жiбек әжеге бiз де мықты денсаулық, отбасылық бақыт тiлегiмiз келедi.
С.Тасов, Алатау батыр ауылдық округi әкiмi аппаратының бас маманы.