Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типiнiң өршуiне байланысты Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған қаулыларға сәйкес ауданда қандай iс-шаралар жүргiзiлiп жатқандығы жөнiнде аудандық аурухананың бас дәрiгерi Нұрғали Молдахановқа жолығып, сұхбаттасқан болатынбыз.

–Нұрғали Сламидинұлы, бүгiнгi таңда коронавирус дертi әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Алдымен осы аталған ауру түрiне байланысты түсiнiк берiп өтсеңiз?

– Коронавирус  ауруы алғаш рет 2019 жылы Қытайдың Ухань қаласында анықталған респираторлық дерт. Деректер-ге сүйенсек, бұл iндетке шалдыққандардың көпшiлiгi – теңiз өнiмдерi мен жануарлар-дың iрi нарығымен байланыста болған адамдар. Бұл жұқпалы ауру әлемнiң 70-тен астам елiне тараған. Iндеттен сақтану үшiн Денсаулық сақтау министрлiгi алдын алу  жұмыстарын күшейтiп отыр.

– Бұл аурудың алғашқы белгiлерi қандай болып келедi?

– Тұмау сияқты байқалады. Өкпе қабынып, бас ауырып, әлсiздiк пайда болып, дене қызуы 40 градусқа дейiн көтерiледi. Адам жөтелiп, ентiге бастайды. Коронавирус сыртқы ортада тұрақсыз. Дезинфекция-лық, құрамында спиртi бар заттарға шыдамайды. 57 гра-дустан жоғары температурада өледi.

– Коронавирустан қалай қорғануға болады? Алдын алу шаралары қандай?

– Респираторлық аурулар-дың белгiлерi байқалған жағдайда медициналық маска киiп жүру, оны 2-3 сағат сайын ауыстыру, мүмкiндiгiнше адам көп жиналған жерлерге көп бармау, респираторлық ауру-дың белгiлерi бар адамдарға жақындамау. Кез келген қоғам-дық орыннан келгеннен кейiн және тамақ алдында қолды кем дегенде 20 секунд сабынмен жуу немесе құрамында спирты бар салфеткалармен сүрту. Адамның көзiне, мұрнына, бетiне жақындамай, жөтелгенде, және түшкiргенде ауызды майлықпен жабу.

– Соңғы кездерi әлеумет-тiк желi арқылы неше түрлi қауесет сөздер таралуда. Жалпы Шардара ауданы бойынша коронавирус кеселiн  жұқтырғандар тiркелдi ме?

– Бүгiнге дейiн ауданда коронавирус жұқтырған науқас тiркелген жоқ. Қытай Республикасына барып келген 14 азамат пен азаматша 14 күн бойы оқшауланып бақылауға алынды. Нәтижесiнде ешқандай сырқат белгiлерi болмағандық-тан үйлерiне жiберiлдi. Ешқандай алаңдауға негiз жоқ. Сақтық шаралары түгелдей жасалып қойған. Өкiнiшке орай әлеуметтiк желiлерде кейде негiзсiз, жалған ақпараттар тарап жатады. Негiзсiз таратылған ақпарат үшiн сол азаматтар жауапкершiлiкке тартылатынын бiле жүрген дұрыс.

–Нұрғали Сламидинұлы, осы сақтық шарасына тоқталып, нақтылап айтып өтсеңiз?

– Шардара аудандық ауруханасы, «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, Шардара аудандық ТМКҚСмҚБ басқар-масы, Шардара аудандық полиция бөлiмi, Шардара аудандық төтенше жағдайлар бөлiмi, Ұлттық сараптама орталығының Шардара ауданы бойынша филиалы, Дезинфек-ция орталығының Шардара аудандық секторы арасында ауданда коронавирусты инфек-циясының таралуынның алдын-алу бойынша бiрлескен iс-шара жоспары бекiтiлген.

Аудандық ауруханаға қарасты «Водозабор» модульдi-медициналық тiрегiнде 20 төсек орындық оқшаулық пунктi дайындалды. Бұл жерде керектi жабдықтармен түгелдей қамтамасыз етiлген. Барлық палатаға ыстық сумен қамтамасыз ету және ауаны сорып-шығаратын желдеткiш орнатылған. Жауапты дәрiгер-лер мен мейiрбикелер, кiшi қызметкерлердiң штаты мен жұмыс кестесi бекiтiлген. №16 Колледж мекемесiнiң жатақха-насында 50 орындық обсерва-циялық орын дайыналды. Мұнда да барлық қажеттi жағдайлар жасалынған. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында медицина қызмет-керлерi алдын алу, диагности-калау және емдеу мәселелерi бойынша оқытылып, дәрiгер-лердiң, мейiрбикелердiң аула аралау жұмыстары күшейтiлдi. Бiр рет қолданылатын 10260, қорғаныс дәрежесi жоғары №95 маркалы 3200 маска дайын тұр. Коронавирусқа қарсы оқыту iс-шаралары каскадты түрде 32 семинар мен оқу-жаттығу жүргiзiлдi. Халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша 5000 кiтапша таратылды. Бұдан басқа да көптеген шаралар жасалып жатыр. Сондықтан бұл ауруға тосқауыл шаралары толық жүргiзiлдi. Қауiптi дертке ешқандай да алаңдаушылық жоқ деп сенiммен айта аламын.

– Сұхбатыңызға рақмет.

 

Сұхбаттасқан: Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ.