Б.Қанайбекова, әлеуметтiк педагог Г.Абдухалиқызының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы аясында «Жылы жүрек» атты iс-шара болып өттi.
Iс-шараның мақсаты – оқушыларға адамның жасаған жақсылығы, көмегi, көңiлi үшiн ризашылық бiлдiрудi үйрету, сондай-ақ адамның жақсылық жасаған iстерiне жоғары баға берудi ұғындыру.
Қайырымдылық концертiне аудандық мәдениет үйiнiң қызметкерлерi – Бақберген Омаров, Ербол Танжарұлы, аудандық балалар саз мектебiнiң ұлттық аспаптар триосы қонақ болып қатысып, өз үлестерiн қосты.
Шара барысында мектеп оқушылары мен ұстаздар жұптаса өнер көрсеттi. Атап айтқанда, 7-сынып оқушысы Л.Лесбек пен тарих пәнiнiң мұғалiмi Б.Қанайбекова, 7-сынып оқушысы М.Дарханбай мен химия пәнiнiң мұғалiмi О.Нәлiбекова, 8-сынып оқушысы Б.Тасболат пен ұйымдастырушы педагог А.Маханбетова, 8-сынып оқушысы Б.Ағатай мен химия пәнiнiң мұалiмi Б.Майрихова, 9-сынып оқушысы Г.Ермекбай мен математика пәнiнiң мұғалiмi Е.Төребеков, 9 сынып оқушысы Д.Низамеддин мен орыс тiлi пәнiнiң мұғалiмi А.Жұбатханова, 10-сынып оқушысы А.Қараман мен сынып тәрбиешiсi Н.Пайызова жұптаса ән салып, тыңдармандарға керемет көңiл күй сыйлады. Мұнан бөлек 10-сынып оқушылары – Н.Қоңырбай, П.Бейсенбай, О.Насырбай, Ә.Халмұраттар квартет құрып, «Алғыс» әнiн нақышына келтiре орындады. Қайырымдылық акциясы аясында өткен «Жылы жүрек» концертiнен түскен қаражатты арнайы түзiлген комиссия мүшелерi әлеуметтiк жағдайы төмен отбасыларына үлестiрiп бердi.
Аталған шараға атсалысқан мектеп ұжымына, демеушiлiк жасаған ата-аналар – С.Қамбарұлы, А.Сатымқызы, К.Бөрiбекова, Е.Құлтөреұлы, Г.Арыноваларға алғысымыз шексiз. Демеушi ата-аналар мектеп әкiмшiлiгi тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ елден без» - дегендей қайырымдылықты, адамгершiлiктi биiк ту етiп, қолдан келген жәрдемдi ұсыну – азаматтық борышымыз.
Назгүл Пайызова, №3 мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиешiсi.