Таяуда аудан әкiмiнiң орынбасары А.Тәженов, аудандық кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы Ө.Рүстем және арнайы сала мамандары азық-түлiк заттарының негiзсiз қымбаттамауын

қадағалау мақсатында бiрқатар сауда орталықтарын аралады. Атап айтқанда, топ мүшелерi «Керуен», «Әлихан», «Шәмшi ата» сауда орталықтары және орталық базарда азық-түлiк  бағасына қатысты сырттай бақылау жүргiздi. Бұл бақылау қоғамдағы азық-түлiк бағасының көтерiлгендiгi жөнiндегi жалған ақпараттың таралуының алдын алу мақсатында  ұйымдастырылды. 

Арнайы сарапшы мамандардың айтуынша, ауданымызда азық-түлiк бағасы көтерiлмеген, тiптi облыстық баға нарығынан бiршама төмен екен. Бақылау барысында аудан әкiмiнiң орынбасары А.Тәженов сауда орталықтарындағы тауар бағасын облыстық ортақ есеппен салыстырып, ондағы тұтынушылар мен тұрғындардан азық-түлiк бағасы жайлы сұрап,  бағалардың бiрқалыпты екендiгiне көз жеткiздi.

Өз тiлшiмiзден.