Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен елiмiзде төтенше жағдай енгiзiлуiне байланысты бiрқатар
шараларға шектеулер салынып, халық көп шоғырланатын нысандардың жұмыс режимiне өзгерiстер енгiзiлдi. Әлемдi алаңдатып отырған коронавирус кеселi таралуының алдын алу мақсатында аудандағы қоғамдық тамақтандыру орындары, атап айтқанда асхана, дәмхана, мейрамханалар 22.00-ге дейiн ғана жұмыс жасап, 50 адамнан аспайтын келушiлер санымен шектелуi тиiс.
Төтенше жағдай режимiн бұзған азаматтар ҚР әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы Кодексiнiң 476 бабымен (төтенше жағдай режимiн бұзу) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке, ал, билiк өкiлiнiң заңды талабына немесе өкiмiне бағынбаған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 379-бабымен (билiк өкiлiне бағынбау) қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатынын қатаң түрде ескертемiз!
С.ЕСТАЕВ, аудандық полиция бөлiмi жергiлiктi полиция қызметi бастығының орынбасары.