Биыл ауданымызда 59300 гектарға әртүрлi ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған.
Оның 32912 гектары жыртылып, бүгiнгi таңда атқарылуы тиiс агротехникалық шаруалардың бiрi – ылғалдандыру жұмыстарына “Казсушар” РМК Түркiстан филиалы Шардара өндiрiстiк бөлiмшесi тарапынан Қызылқұм магистральды каналы арқылы (КМК) секундына 90 м3 ағын су берiлуде. Ендiгi кезекте берiлiп жатқан ағын судың ысырап болуына жол бермей, ағынсу алу барысында ылғалдандырылатын егiстiктiң басы қасында болуды сұраймыз.
Егiстiкке жеткiзiп берiлген ағын судың ысырабына орынсыз ақшалай төлем төлеудiң орын алмауын сұраған болар едiк. Өйткенi 2019-2020 жылғы қыс мезгiлiнде қар жамылғысының аз түсуiне байланысты ауа райының қолайсыздығынан, жауын-шашын аз болатындықтан, егiстiкке қажеттi ағын су көлемiнiң (су босату лимитi) өткен жылдарға қарағанда 20-30 пайызға кем болатындығы жөнiнде Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi Арал-Сырдария бассейiндiк инспекциясы басшысының орынбасары К.Қожамқұлованың ескерту хаты жолданған. Бұл хат ауыл округтерiнiң әкiмдерiне шаруалардың назарына жеткiзу үшiн жолданды.
Құрметтi, шаруа қожалық төрағалары! 2020 жылдың өнiмi үшiн ылғалдандыру жұмыстарына ағын суды пайдалануда ысырапкершiлiкке жол бермей, барынша тиiмдi және үнемдi пайдалануды сұраймыз.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмi.