Құрметтi шардаралықтар!

Қадiрлi ата-аналар мен бiлiм қызметкерлерi!

Коронавирус iндетi дүниенi дүр сiлкiндiрдi. Қазақстан елi ғана емес, әлем жұртшылығы толқуда. Халқымыз ауыр дерттiң азабын тартпауы үшiн, бауырларымыздың денi сау, басы аман болуы үшiн мемлекет пен қоғам керектi көмек пен қамқорлық жасаудан аянбай жатыр. Барлық өңiрде қауiпсiздiк шаралары ұйымдастырылып, оның орындалуы қатаң бақылауға алынды. Әлеуметтiк жағдайы төмен отбасыларына қаржылай көмек берiлiп, карантин күндерiнде қажеттi азық-түлiкпен қамсыздандырылуда.

Жасырып қажетi жоқ, хабарларыңыз бар, қауiптi iндет Түркiстан облысының тұрғындарынан, атап айтқанда, көршi Мақтаарал, Жетiсай аудандарынан да табылып, қауiпiн күшейте түстi. Ауру тiркелген орындарда залалсыздандыру жұмыстары күшейтiлiп, эпидемияға қарсы iс-шаралар жедел ұйымдартырылуда. Елiмiздiң Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркiстан облысының әкiмi Өмiрзақ Шүкеев халыққа арнап Мәлiмдемелер мен Үндеу жариялап, артық үрей мен күдiкке бой алдырмауға, әлемдiк деңгейдегi  iндетке қарсы ел болып, бiрге болып қарсы күресiп, күш-қайрат танытуға шақырды. Ел бiрiлiгi арқылы дерттi жеңетiнiмiзге сендiрдi. Тиiстi азаматтарға нақтылы тапсырмалар бердi. Орындалуы қатаң бақылануда.

Мемлекет осы күндерi мектеп оқушыларының сабақтан қол үзiп қалмауын назарда ұстауда. Бiздiң ауданда да мектеп оқушыларына қашықтықтан оқыту жүзеге асырылуда. Әрине, бұрынғы уақыттарда мұндай оқыту формасы тәжiрибеде болмағандықтан,  алғашқы кездерде қиындықтар тууы мүмкiн.

Ауданда қашықтықтан оқыту үлгiсiне көшуге дайын емес, әсiресе, компьютерлiк техникамен қамтылмаған, интернет желiсiне қосылмаған отбасылар кездеседi. Кейбiр пән мұғалiмдерi жаңа талапқа сай оқытудың әдiсiн терең игере алмайтынын да жасыруға болмайды. Сондықтан аудандық бiлiм бөлiмi мен тиiстi мамандар ата-аналарға түсiндiру жұмыстарын уақтылы жүргiздi. Сынып сағаттары өтiлдi.

Қадiрлi жерлестер, қашықтықтан оқыту үдерiсiн орындау кезiнде  әртүрлi қиындықтармен жетiспеушiлiктер кездесуi мүмкiн, сын сағаттарда күмәндi ойлар мен терiс пiкiрлерге жол бермеуге шақырамын. Өзiмiз талап пен тәртiптi сақтап, оны балааларымыздан орындауды талап етейiк. Қадағалайық. Олардың үйден шықпауын, аты да, заты да жаман iндеттiң таралуына жол бермеуiне күн сайын қамтамасыз етейiк. Дәрiгерлер мен мамандардың пiкiрi мен кеңесiне құлақ асайық. Тапжылтпай орындайық. Қауесет пен дақпыртқа жол бермейiк. Балалардан ата-аналық, ұстаздық мейiрiмiздi аямайық! Аз уақыттағы қиыншылықты бiрiгiп, ауызбiршiлiкпен, ұйымшылдықпен жеңейiк, ағайын!

Тоқсанбай Бердiбеков,

аудандық ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы, ардагерлер Кеңесi жанындағы әкелер мектебiнiң төрағасы.