14 сәуiрде аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай жұмыс кестесiне сәйкес қаладағы нысандарды аралады.
Тарқатып айтқанда, «Тұңғыш Президент» және «Ұлы Дала» саябағындағы атқарылатын жұмыстардың жобасын, Астана және әл-Фараби көшесiндегi көпқабатты тұрғын үйлердiң, А.Иманов атындағы 300 орындық орта мектебiнiң құрылысын қарап шықты.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтiнiшi бойынша әл-Фараби көшесiндегi №13 үйдiң жертөлесiндегi мәселенiң мән-жайымен танысып, жауапты мамандарға проблеманы шешудi тапсырды. Сондай-ақ құрылыс саласының мамандарына жұмыстың сапасы мен өнiмдiлiгiн және уақытылы тапсырылуын қатаң ескерттi.
Бұлардан бөлек аудан басшысы Шардара-Арыс тасжолын абаттандыруға байланысты жобалау схмемаларымен танысты.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.