Бүгiнгi таңда елiмiзде аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созу мақсатында жүрiп жатқан «BizBirgemiz» акциясы бiздiң ауданымызда да өз жалғасын табуда.
Апта барысын-да акцияны қолдау мақсатында аудандық мәсли-хатының депутаты, Ұзыната ауылдық округi бастауыш партия ұйымының төрайымы, Ұзыната жалпы орта мектебiнiң директоры Төреханова Әсемкүл Жұбатқызының демеушiлiгiмен жалғызбасты және аз қамтылған 7 отбасыға бiрiншi кезекте қажеттi тауарлар мен азық-түлiк себеттерi үлестiрiлдi.
Қайырымдылық көмектерiн алған жандар қиын кезеңде қол ұшын созған халық қалаулысына алғыстарын бiлдiруде.
«Өскен өңiр» – ақпарат.