Құрметтi аудантұрғындары!
Түркiстан облысында коронавирус инфекциясымен (COVID-19) ауырғандар санының артуына және адам өлiмi жағдайының тiркелуiне байланысты
2020 жылдың 18 сәуiрi 24.00 сағаттан бастап төтенше жағдайдың соңына дейiн Түркiстан облысының аудан және қалаларының аумағында ерекше шарттарымен шаруашылық және өзге де қызметтерге карантин режимi енгiзiлдi.
Аудан аумағында маска кию режимi күшейтiлдi. Аудан тұрғындары кәсiпорындарда, мекемелерде, сауда объектi-лерiнде, адамдардың көп жиналатын орындарында масканы үнемi тағып жүруi мiндеттi.
Көршi аймақтармен шека-радағы санитарлық блок бекеттер жұмысы күшейтiлдi. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елдi мекендер арасында қатынауға шектеу қойылып, елдi мекен iшiндегi қоғамдық көлiктер мен жеке тасымал қызметiнiң жұмысы тоқтатылды.
Санитарлық-эпидемиоло-гиялық жағдайдың тұрақтылығы үшiн қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жабылды.
Азық-түлiк және киiм-кешек базарлары, тұрмыстық заттар сататын базарлар жұмысы тоқтатылды.
Сондай-ақ, әлi күнге алаңсыз есiк алдында ойнап жүрген балалардың ойын алаңдарында, көпқабатты үйлердiң аула-ларында ойнауға тыйым салы-нады.
Кәмелетке толмағандардың ата-аналарының қадағалауын-сыз жүруiне тыйым салынады.
Азаматтардың рұқсат құжаттары болмаған жағдайда қала және елдi мекендер аумағына кiруге және шығуға тыйым салынады.
Тұрғындарға қажеттi азық-түлiк пен дәрi-дәрмектердi сатып алу үшiн олардың үйлерiнiң жанында орналасқан дүкендер мен дәрiханаларға ғана баруға рұқсат етiледi.
Отбасы мүшелерiн қоспа-ғанда, үш адамнан аспайтын топтармен жүру шектеледi.
Азық-түлiк дүкендерi мен дәрiханалардың жұмысы сағат 09.00-ден сағат 20.00-ге дейiн белгiлендi.
Қоғамдық тамақтану объектiлерi: мейрамханалар, кафелер, асханалар жұмысы тоқтатылды. Азаматтардың осындай кәсiпорындарға бармай, өз бетiнше шығару немесе тапсырыспен жеткiзу режимi сағат 08.00-ден сағат 22.00-ге дейiн шектеледi.
Ауданға қажеттi тамақ өнiмдерi мен материалдары, өнеркәсiп тауарларын, құрылыс, медицина және көктемгi егiс жұмыстарына арналған материалдарды тасымалдайтын рұқсат құжаттары бар көлiк құралдары ғана кiрiп-шыға алады. Сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж азаматтарға кiруге, шығуға мүмкiндiк бар. Қалған азаматтарға аудан аумағындағы қала және елдi мекендерде себепсiз жүруiне тыйым салынады.
65 жастан асқан азаматтарға өзiн-өзi оқшаулау режимi енгiзiлдi.
Аудан аумағында отбасылық мерекелер мен той-жиындарды өткiзуге, ас беруге қатаң тыйым салынады.
«Казпошта» АҚ-ның және екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерiнiң, айырбастау пункттерiнiң қызметi тоқта-тылып, онлайн және жеткiзу режимi арқылы қызмет көрсетiледi.
Тiршiлiктi қамтамасыз ететiн кәсiпорындарды қоспағанда, барлық кәсiпорындардың/ ұйымдардың қызметi тоқта-тылады.
Дiни мақсаттағы обьектi-лердiң жұмысы тоқтатылады.
Осы талаптар орындалмаған жағдайда әкiмшiлiк айыппұл салынатындығын ескертемiз.
Құрметтi жерлестер!
Бүкiл елiмiзде енгiзiлiп отырған карантиндiк режимге түсiнiстiкпен қарауға шақы-рамын. Баршамыз бiрге болсақ, алынбайтын асу болмас. Әр отбасыға амандық, саулық тiлеймiн. Болашағымыз жарқын болсын.
Аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай.