Еккен егінді ысырап етпей, шашпай-төкпей жинап алу – ең маңызды шаруа. Мұны терең түсінетін дала майталмандары астықты алқапта толассыз еңбек етті. Көктемнің құбылмалы ауа райына қарамай бейнет еткен шаруалар қазіргі таңда егін орағын толық аяқтады.
Биылғы жылы ауданымызда 1200 гектар алқапқа бидай, 1500 гектарға арпа егілген болатын. Кешегі аптада аудан еңбеккерлері дәнді дақылдарды толығымен жинап алды.
Тарата айтқанда арпа дақылынан 4300 тонна өнім алынды. Өнімділігі гектарына 29,2 центнерді құрады. Бидай дақылынан 3700 тоннадан астам астық жиналып, өнімділігі гектарына 31,1 центнерден түсті.
Қазіргі таңда бақша өнімдерін жинау науқаны қызу жүріп жатыр.
Ағымдағы жылы Шардара ауданы бойынша 9865 гектар жерге бақша өнімі егілген. Бүгінгі күні оның 2615 гектарынан 82 мың тонна өнім жиналды. Оның 1000 тоннасы қауын, 81 мың тоннасы қарбыз.
Бақша өнімдері ішкі нарықтан бөлек Ресей еліне экспортталуда. Ауыл шаруашылығы мамандары биыл Шардара ауданында бақша өнімінің көлемі 260 мың тоннадан асады деп жоспарлауда.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.