Кешегі аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.
Аудан басшысы ең алдымен тиісті сала мамандарымен бірге Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трас- сасының қиылысқан тұсынан, "Болашақ" шағынауданынан ашылатын саябақтың құрылы- сымен танысты. 4 гектар аумақты қамтитын саябақтың құрылысы ағымдағы жылы аяталады.
Сонымен қатар аудан әкімі Арман Романұлы индустриялды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытының құрылысымен танысып, өндіріс орнындағы мәселелерді талқылады.
«Өндіріс орнын 2025 жылы толық іске қосып, 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын боламыз. Қазірден мамандарды даярлаудамыз. Зауыт іске қосылғанға дейін жұмыс істеуге ниетті жандарды ақылы түрде тәжірибеден өткізіп, Жаркент ауданындағы Шардарадағыдай «Казкрахмал» зауытында жұмыс істеп, тәжірибе жинауға шақырудамыз» – деді зауыт өкілі Руслан Каримұлы.
Арман Романұлы зауыт басшылығына әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсететінін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.