21 мамырдан бастап әлеуметтік осал топтардың жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беруге өтінім қабылданады.

Грант көлемі: 400 АЕК немесе 1 572 800 теңге.

Грант тек бір рет беріледі.

Өтінім беру тәртібі:

  1. Business.enbek.kz порталына тіркелу;
  2. Грант шарттарына сәйкестікті тексеруден өту;
  3. Бизнес-жоба үлгісін жүктеп, толтыру;
  4. ЭЦҚ (ЭЦП) арқылы өтінішке қол қою.

Интернеті немесе компь-ютері жоқ азаматтар Шардара аудандық мансап орталығындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында өтініш бере алады.

Грантқа кімдер үміткер бола алады?

- Жұмыссыз ретінде тіркелгендер;

- Жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне 3 жылдан аспаған);

Және төмендегі әлеуметтік топтарға жататындар:

- Еңбекке қабілетті мүгедектігі бар тұлғалар;

- «Қандас» мәртебесі барлар;

- Өңіраралық қоныс аударушылар;

- АӘК алатын отбасылар;

- Көпбалалы отбасылар (ерлі-зайыптылардың бірі);

- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана;

- Асыраушысынан айырылғандар.

Маңызды: үміткердің соңғы 3 жыл ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткендігі туралы сертификаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжайдан алуға болады: Шардара ауданы, Қасымов көшесі, №17, Мансап ғимараты, 2 - қабат, ұялы байланыс: 8-705-168-17-98  (Байзақ   Дінмұхаммед).

Шардара аудандық  «Мансап орталығы».