21 мамырдан бастап әлеуметтік осал топтардың жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беруге өтінім қабылданады.
Грант көлемі: 400 АЕК немесе 1 572 800 теңге.
Грант тек бір рет беріледі.
Өтінім беру тәртібі:
- Business.enbek.kz порталына тіркелу;
- Грант шарттарына сәйкестікті тексеруден өту;
- Бизнес-жоба үлгісін жүктеп, толтыру;
- ЭЦҚ (ЭЦП) арқылы өтінішке қол қою.
Интернеті немесе компь-ютері жоқ азаматтар Шардара аудандық мансап орталығындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында өтініш бере алады.
Грантқа кімдер үміткер бола алады?
- Жұмыссыз ретінде тіркелгендер;
- Жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне 3 жылдан аспаған);
Және төмендегі әлеуметтік топтарға жататындар:
- Еңбекке қабілетті мүгедектігі бар тұлғалар;
- «Қандас» мәртебесі барлар;
- Өңіраралық қоныс аударушылар;
- АӘК алатын отбасылар;
- Көпбалалы отбасылар (ерлі-зайыптылардың бірі);
- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана;
- Асыраушысынан айырылғандар.
Маңызды: үміткердің соңғы 3 жыл ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткендігі туралы сертификаты болуы тиіс.
Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжайдан алуға болады: Шардара ауданы, Қасымов көшесі, №17, Мансап ғимараты, 2 - қабат, ұялы байланыс: 8-705-168-17-98 (Байзақ Дінмұхаммед).
Шардара аудандық «Мансап орталығы».