Мемлекет басшысының аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны ауқымды түрде енгізу қажеттілігі жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда аудандағы бірқатар шаруақожалықтар осы бағыттағы жұмыстарды күшейткен.
Мәселен, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылындағы «Тұрар» шаруақожалығы 32 гектар аумаққа пияз дақылын тамшылатып суару әдісімен егуді бастады. Бұдан бөлек, шаруақожалық қосымша 18 гектар жерге бақша өнімін егуді жоспарлауда. Шаруаның сөзінше, тамшылатып суару әдісі – ағын суды үнемдеп ғана қоймай, артық арамшөптерден арылуға да мүмкіндік береді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.