Кешегі аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
Тұрғындар баспана, тұрғын үйге газ кіргізу, жұмыс, ауыз су және электр тоғының бағасы бойынша мұң-мұқтаждарын жеткізді.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әр мәселеге жауап беріп, оларды тиісті мекемелерге оңтайлы шешуді тапсырды.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған әрбір жұмыстың орындалу мерзімі мен жолдарын түсіндірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.