Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысының Сыр бойында – Қызылорда қаласында өтуінің өзі терең мәнге ие. Қызылорда осыдан 100 жыл бұрын ел астанасы болған, Алаш арыстарының ізі қалған мемлекетшіл ойдың, елдік рухтың астанасы.

Президенттің Құрылтайда көтерген ұсыныстары мемлектті жаңғыртуға, халықтың үнін күшейтуге бағытталған. Парламенттің «Құрылтай» деп аталуы мемлекеттің негізін құраушы қазақ халқының жүрегіне жақын сезіледі. Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясы таратылып, олардың орнына жаңа мемлекттік орган – Халық кеңесінің құрылуы енді ел тағдырына қатысты істер кеңесе отырып, әділдікке сүйеніп шешілетін болады деп ойлаймын. Мұнда ақсақалдың ақылы, зиялының пайымы, жастың жігері қатар жүруі маңызды. Президент: «Халық қолдауына ие болса, Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталады. Біз ел бірлігін сақтап өркендеген, абыройлы, беделді, қуатты мемлекет құруды басты міндетіміз деп санауымыз қажет» – деді.

Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда айтқан бастамаларын қолдай  отырып, оларды жүзеге асыруға бір кісідей атсалысайық.

Қ.Ілесов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы.