
Осыдан біршама уақыт бұрын Шардара қаласындағы А.Иманов көшесінде орналасқан аудандық орталық аурухананаға қарасты, 2-мөлтек аудандағы дәрігерлік амбулаториясының емделушілері мен «Балбөбек» бөбекжайбақшасына келуші ата-аналар тарапынан аудан әкіміне өтініш түскен болатын.
Өтініш иелері аталған мекемелерге келушілер санының көптігіне байланысты А.Иманов көшесі бойында көлік кептелісі жиі туындайтынын айтып, автокөлік тұрағын ұйымдастыруды сұраған.
Тұрғындар талабын назарға алған аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев апта барысында осы аумақта салынатын автокөлік тұрағының жоспарымен танысты. Кездесу барысында қос мекеменің басшылары да халық өтінішінің өзектілігін жеткізді.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Нұрахов амбулатория мен балабақша маңында автокөлік тұрағын салу жоспарымен таныстырды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталады.
Аудан әкімі тұрғындар өтініші әрдайым басты назарда болатынын атап өтіп, Шардара қаласының әкімі О. Айдосовқа халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың сапалы, әрі белгіленген мерзімде орындалуын қадағалауды тапсырды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.



