(Аудан әкiмi Қ.Жолдыбайдың ауданның 2020 жылдың 9 айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы туралы хабарламасы)

Өздерiңiзге белгiлi, әлемде күрделi кезең орын алып отыр.

Экономикалық дағдарыс пен пандемия әсерi бiздiң елдi де айналып өтпедi. Дегенмен Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы, әлеуметтiк тұрақтылық үшiн берiк негiз қаланды. Осы орайда, барша  қазақстандықтар үшiн жарияланған Президентiмiздiң «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Iс-қимыл кезеңi» атты Жолдауы  мемлекетiмiздiң  дамуы мен  жалпы  елiмiздiң кемел  келешегi жолындағы  негiзгi мiндеттердi  көрсетiп, нақты жоспарларымызды белгiлеп  бердi.

Әлемде болып  жатқан  қиындықтарға  қарамастан, сiздер мен бiздер және аудан тұрғындары тұтас болып, үзiлiссiз  жүргiзiлген  жұмыстардың  нәтижесiнде  аудан  экономикасында  тұрақты өсiм қалыптасып, даму көрсеткiштерi  iлгерiлеуде.

Бюджеттiк салықтық саясат.

2020 жылдың 9 айында жергiлiктi бюджетке жоспарланған 2250,5 млн. теңгенiң орнына 2416,4 млн. теңге түсiп, жоспар 107,4 пайызға немесе 165,9 млн. теңгеге артық орындалды.

Ал шығыстар бойынша түзетiлген жоспар 17 131,7 млн. теңгенi құрап, оның 17 126,2 млн. теңгесi, яғни, 99,97 пайызы игерiлдi.

Өнеркәсiп саласында 21 кәсiпорын жұмыс жасауда. 2020 жылдың 9 айында осы өндiрiс кәсiпорындарында 6 573,7 млн. теңгенiң өнеркәсiп өнiмi өндiрiлiп, нақты көлем индексi 105,9% құраса, өңдеу өнеркәсiбiнде 2326,7 млн. теңгеге өнiм өндiрiлiп, НКИ 103,1 % құрады. Өнеркәсiп өнiмi көрсеткiшi бойынша аудандар арасында 5 орындамыз.

Негiзгi капиталға тартылған. Есептi мерзiмiнде ауданда негiзгi капиталға тартылған инвестиция көлемi 12 052,4 млн. теңгенi құрап, өткен жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 114,4% құрады. Оның iшiнде:

- Мемлекеттiк қаражат – 5556,7 млн. теңгенi;

- Ұйымдар және жекеменшiк қаражат есебiнен – 5354,8 млн теңгенi;

- Басқа да қарыз (сыртқы) қаражаттар есебiнен – 1140,9 млн. теңгенi құрады.

Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда 1,5 млрд. теңгеге 4 инвестициялық жобаны iске асыру қолға алынған. Олар:

  1. Жеке кәсiпкер Т.Жалғасбаевтың балық өңдеу зауытының өндiрiсiн кеңейту аясында қосымша балық өнiмдерiн өндiретiн, балықтың майы мен жемiн шығару цехтарының құрылысы. Жоба құны 200,0 млн. теңге. Құрал-жабдықтар алынып, ғимараты салынған. Бүгiнгi таңға монтаждау жұмыстарын жүргiзу күтiлуде. Қосымша 40 адамға жұмыс орны ашылады. Iске қосу мерзiмi: 2020 жылдың желтоқсан айы.
  2. «Turan IT» ЖШС-нiң блокчейн, дата центр жобасы. Жоба құны
    600,0 млн. теңге. Бүгiнгi таңға құрылыс жұмыстары аяқталып, монтаждау жұмыстары жүргiзiлуде. Iске қосу мерзiмi: 2020 жылдың желтоқсан айы.
  3. Алатау батыр ауылындағы жеке кәсiпкер Б.Сариевтiң жем шығару жобасы. Жоба құны шамамен 200,0 млн. теңгенi құрайды, тұрақты 20 адамға жұмыс орны ашылады. Бүгiнгi таңға жер таңдау жұмыстары жүргiзiлiп, құрылыс жұмыстары басталып кеттi. Iске қосу мерзiмi: 2020 жылдың желтоқсан айы.
  4. Достық ауылындағы «BS Agro Product» ЖШС қауыннан қауын қақ дайындау жобасы. Бүгiнгi таңға жер учаскесi бөлiнген, құрал-жабдықтарды сатып алуға Германия мемлекетiндегi «Alexander Martz» компаниясына алдын ала аванстық төлем жүргiзiлген. Жоба құны 500,0 млн. теңгенi құрайды, тұрақты 25 адам жұмысқа орналастырылады. Iске қосу мерзiмi: 2021 жылдың желтоқсан айы.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2 жоба iске асырылуда. Оның iшiнде:

- Екiншi деңгейлi банктермен субсидиялау, кепiлдендiру бойынша  
1 жоба (ЖК «Сариев Б» жем шығару цехына айналым қаражатын толықтыру). Бүгiнгi таңға «АТФ БАНК» АҚ тарапынан қаралу үстiнде;    

- Гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба жеңiмпаз атанды (Қ.Тұрысбеков а/о, ЖК «Ақмарал» бiлiм беру саласы бойынша).

Кәсiпкерлiк саласы. Аудан  бюджетiнiң толығуына қомақты үлес қосатын шағын кәсiпкерлiк те қарқынды дамып келедi. 2020 жылдың 9 айында жұмыс iстеп тұрған 7909 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерде 9722 адам жұмыс iстеп, 4,4  млрд. теңгенiң өнiмi  өндiрiлiп, қызметi көрсетiлдi (өсiм 114,0%).  Жалпы кәсiпкерлiк субъектiлер iшiнен жұмыс iстеп тұрғандардың үлесi  97,1% құрап, аудандар арасынан аталған көрсеткiш бойынша  екiншi орындамыз.

Несиелендiру жұмыстары.

Аудандағы кәсiпкерлер мен шаруаларды қолдау мақсатында «Оңтүстiк АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ арқылы ағымдағы жылдың  есептi мерзiмiнде көктемгi дала жұмыстарын ұйымдастыру үшiн 205 жоба 488,1 млн. теңгеге қаржыландырылды. Аудандар  арасында несие қаржы алу бойынша алғашқы орынды иелендiк.

«Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында жеңiлдетiлген қолжетiмдi несиенi алу үшiн 46 жоба ұсынылып, бүгiнгi таңға 1768,6 млн. теңгенi құрайтын 31 жоба  несие комитетiнен мақұлданған.  110 млн. теңгеге 3 жоба қаралу үстiнде. Аудандар  арасында бұл бағдарламаға қатысу бойынша екiншi орынды иелендiк.

Туризмдi дамыту. Шардара ауданы жағажай туризмiн дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту мақсатында орман қоры жерiнен елдi мекен санатына ауыстырылған 255 га жер учаскесiне  инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзiрлендi. Жоспарға сәйкес, мұнда қонақ үйлер, яхт клуб, ресторандар, аңшылар және балықшылар үйi, аквапарк және т.б, жалпы 60 нысанды орналастыру қаралған. Жобаны iске асыру үшiн көптеген инвесторлар қызығушылықтарын бiлдiруде. Жоба iске асқан жағдайда мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, 45,0 мыңнан астам туристердiң келуi жоспарлануда. Қаржыландыру үшiн облыстық салалық басқармаларға ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы. Жыл санап егiн шаруашылығына да аса мән берiлiп  келедi. Ағымдағы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында жалпы өнiм көлемi 25969,3 млн теңгенi, нақты көлем индексi 106,6% құрады. Оның iшiнде: егiн шаруашылығында жалпы өнiм көлемi 19657,7 млн.тг, НКИ 107,7%, мал шаруашылығында 5667,5 млн.тг, НКИ 104,3% құраса, ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемi 1944,6 млн. теңгенi (193,0%) құрады.

Ауданда ағымдағы жылы 59300 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егiлiп, бүгiнге дейiн 1089 га күздiк бидайдан 3278 тн (30,1 ц/га), 1648 га жаздық арпадан 4384 тн (26,6 ц/га), 10338 га бақшадан 262895 тн (254,3 ц/га), 600 га көкөнiстен 20562 тн (342,7 ц/га), 250 га картоптан 4050 тн (162 ц/га), 4572 га жаңа жоңышқадан 9144 тн (20 ц/га), 13953 га ескi жоңышқадан 165070 тн (118,3 ц/га), 3608 га сүрлемдiк жүгерiден 127398 тн (353,1 ц/га), 3000 га дәндiк жүгерiден 15600 тн (52 ц/га), 598 га маштан 933 тн (15,6 ц/га), 1419 га күрiштiктен 10115 (71,3 ц/га) тн өнiм алынды. Қазiрге дейiн 18225 га мақталықтың 7500 га астам жерден терiлген мақталықтан 17362 тн өнiм алынды. Мақта жиын-терiм жұмыстары жалғасуда.

Жеңiлдетiлген жанар-жағармай туралы. Күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге Үкiмет тарапынан жеңiлдетiлген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлiнiп, бүгiнге дейiн 520 тонна (16,7%) тасымалданды. Тасымалдау жұмыстары жалғасуда.

Үкiмет тарапынан берiлген субсидиялар: Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 10200 тонна селитра, 950 тонна аммофос, 650 тонна сульфат аммоний, 120 тонна карбамид тасымалданып таратылды.    

Халықтың  басты тiршiлiк  көзi – мал  шаруашылығы  саласында малдың  генофондын  сақтай  отырып, мал басы мен одан алынатын өнiмдердiң  елеулi өсуi көңiлге қуаныш ұялатады. Мүйiздi iрi қара мал 49 087 (113,4%) бас, қой және ешкi 200 191 (101,3%) бас, жылқы 12 121 (133,6%) бас, түйе 2 658 (103,5%) басқа жеттi.

Союға арналып өткiзiлген мал мен құстың барлық түрлерiнiң тiрiдей салмағы 4502,1 тонна (104,5%), сиырлардан сауылған сүт 15 511,4 тонна (103,8%), тауықтан алынған жұмыртқа 2233,5 мың дана (104,9%) жұмыртқа өндiрiлдi.

Құрылыс. 2020 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемi 5 689,5  млн. теңгенi немесе 155,3 пайызды құрап, 2019 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда  1 921,5 млн.теңгеге немесе 51% артқан.              

Сонымен қатар, 2020 жылдың 9 айында аудан бойынша пайдалануға берiлген тұрғын үйлердiң көлемi 13 968 шаршы метрдi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 146,2%-ды құрап отыр.

2020 жылы жалпы құны 875,3 млн. теңгенi құрайтын, өтпелi
3 нысанның және 2020 жылы басталған 2 нысанның құрылыс жұмыстары қолға алынған. Оның iшiнде: Инфрақұрылым саласы бойынша 2 нысан (Әсем, Нұр Отан мөлтек аудандарындағы су желiлерiнiң құрылысы), бiлiм саласы бойынша 1 нысан (А. Иманов мектебi), тұрғын үй саласы бойынша 2 нысан (Әл-Фараби, Астана көшелерiндегi тұрғын үй).   

Бүгiнгi таңға тұрғын үй бойынша 1 нысан пайдалануға берiлген және инфрақұрылым саласы бойынша 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған.

(Қабылдау актысы 28.05.2020 ж)

Ауызсумен қамтамасыз ету.

Аудан бойынша құбыр суымен қамтылған халықтың үлесi – 94,97 пайызды құрап отыр. Бұл ауданның 75,2 мың тұрғыны.         2020 жылы жалпы сметалық құны 334,9 млн. теңгенi құрайтын №14 бекет, Мұнай ауылы және Қ. Тұрысбеков ауылындағы Ақбердi елдi мекендерiнiң ауызсу жүйелерiнiң құрылысы жүргiзiлуде. Тапсыру мерзiмi 2020 жылдың қараша айы. Жобаға сәйкес осы елдi мекендердегi 1671 тұрғын орталықтандырылған құбыр суымен қамтылып, аудан бойынша құбыр жүйесiмен қамтылатын халық санының үлесi 96,0 пайызды құрайтын болады.

Бұдан бөлек, қала тұрғындарына берiлiп жатқан ауыз судың сапасын жақсарту бойынша 2019 жылы «Шардара қаласы Ақшағала көшесiнде орналасқан бас су торабын қайта құру» жобасы әзiрленiп,  сараптама қорытындысы алынды. Жобаның құны 3045,8 млн. тенге. Бүгiнгi күнге мемлекеттiк сатып алу процедуралары өткiзiлiп, мердiгер анықталды. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелi. Осы жобаға сәйкес, қала тұрғындарына берiлiп жатқан ауызсу сапасы заманауи үлгiдегi қондырғылар арқылы тазартылып берiлетiн болады.

Сонымен қатар, елдi мекендердi орталықтандырылған құбыр жүйесiмен және сапалы  ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Қызылқұм ауылының ауызсу беру торабы құрылысының ЖСҚ дайындалып, қаржыландыру үшiн облыстық энергетика және тұғын-үй коммуналыдық шаруашылық басқармасына жолданды. Жоба құны 348,1 млн. теңге.              

Сарқынды су жүйелерi қызметiмен қамтамасыз ету.        

Шардара ауданы бойынша кәрiз жүйелерi Шардара қаласында жұмыс iстейдi. Шардара қаласы тұрғындары кәрiз жүйелерiмен 27 пайызға қамтылған. Пайдаланымдағы канализация желiсiнiң жалпы ұзындығы – 36 шақырымды құрайды.

Аудандық бюджет қаржысы есебiнен «Шардара қаласының Қызылжар, Майқала, Абай және Ақбала мөлтекаудандарына сарқынды су жүйелерiнiң құрылысы» жобасы әзiрленуде. Бүгiнгi күнге жоба аяқталу сатысында. Осы жоба бойынша сарқынды су желiсiмен қамтылатын қала тұрғындарының үлесi 51 пайызға жететiн болады.  

Елдi мекендердi газдандырудың жағдайы.           

Аудан бойынша 25 елдi мекеннiң 7 елдi мекенi (Ұзыната, Қазақстан, Целинный, Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Достық.) табиғи газ көзiне қосылған. Оларда тұратын халық саны – 25,4 мың адам (2 107 үй), бұл аудан тұрғындарының 32,2 пайызы.        

2019 жылы 5 елдi мекендi iшкi газ жүйелерiнiң құрылысы және «Шардара» № 18 ГТС-ы пайдалануға берiлген.

Құрылыс жұмыстары аяқталған 5 елдi мекендi 2020 жылдың IV тоқсанында толық табиғи газ желiсiне қосып, газдандырылған елдi мекендер санын 8 бiрлiкке жеткiзiп, аудан тұрғындарының 34 пайызға газбен қамту көзделуде.             

Одан бөлек, 2020 жылдың IV тоқсанында Көксу (7039 адам), Қоссейiт (4995 адам) ауылдарын табиғи газға қосу күтiлуде. Барлығы 12 034 адам табиғи газ қосуға мүмкiндiк алады.

Шардара қаласын табиғи газ желiсiне қосу мақсатында, Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков а/о, Ақбердi елдi мекенi аумағынан №18 «Шардара» ГТС (газ тарату стансасы) салынды. Осы жоба аясында Шардара қаласы және қаламен iргелес 11 елдi мекендегi 44 120 адамды (аудан тұрғындарының 55,7 пайызы) табиғи газбен қамтылуға мүмкiндiк алады.      

Шардара қаласын газдандыру 4 кезеңге бөлiнiп, кезең-кезеңмен жүргiзу жоспарланған.                    

I кезең «Шардара қаласына «Шардара»  № 18 ГТС жоғары қысымды газ жеткiзiп берушi газ құбыры және Шардара қаласы «Өтеғұл» шағын ауданын квартал iшiндегi (орта қысымды газ құбыры) газ жүйелерiнiң құрылысы» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, үстiмiздегi жылдың 4 қыркүйегiнде қабылданып алынды.

Осы жобаға сәйкес, Шардара қаласында № 14 Бекет, Мұнай база, Өтеғұл шағын аудандарында тұратын 4,2 мыңнан астам халық табиғи газға қосылуға мүмкiндiк алады.       

II кезең «Шардара қаласының Абай, Қызылжар шағын аудандарын кварталiшiлiк газ жүйелерiнiң құрылысы» жобасы. Сметалық құны 767,8 млн. теңге. Бүгiнгi күнге, жергiлiктi бюджет есебiнен 1,0 млн. теңге қаржы қаралып, облыстық мемлекеттiк сатып алу басқармасының ұйымдастырған мемлекеттiк сатып алудың қорытындысымен мердiгер «КОМБИ-СТРОЙ-I» ЖШС жеңiмпаз болып танылып, келiсiм шарт түзiлдi. Нысан құрылысы 2021 жылға өтпелi. Жоба бойынша Абай, Қызылжар шағын аудандарындағы 8,0 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады. Аталған құрылыс нысаны бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қосымша қаржы бөлу бойынша өтiнiм берiлген.

III кезең «Шардара қаласындағы Мелдеби, Қанай Датқа шағын аудандарын газдандыру» жобасы. Сметалық құны 825,9 млн. теңге. Бүгiнгi күнге, жергiлiктi бюджет есебiнен 1,0 млн. теңге қаржы қаралып, облыстық мемлекеттiк сатып алу басқармасының ұйымдастырған мемлекеттiк сатып алудың қорытындысымен мердiгер «Транс Азия Констракшн» ЖШС жеңiмпаз болып танылып, келiсiм шарт түзiлдi. Нысан құрылысы 2021 жылға өтпелi. Жоба бойынша Мелдеби, Қанай Датқа шағын аудандарындағы 7,8 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады. Аталған құрылыс нысаны бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қосымша қаржы бөлу бойынша өтiнiм берiлген.              

IV кезең Шардара қаласын газдандыру бойынша « Шардара қаласы, Төменгi Тоғай, Майқала, Ақбала, Наурыз, Нұр Отан, №3 және №4 шағын аудандарын табиғи газбен қамтамасыз ету (IV кезең)» жобасын «Улмад» ЖШС мен әзiрленуде. Осы жобаға сәйкес  9 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады. Жобаның сараптама қорытындысын қараша айында алу жоспарланған. Жоба дайын болған соң 2021 жылдың бюджетiне қаржыландыру үшiн ұсынылатын болады.    

Сонымен қатар, «Қ.Тұрысбеков ауылдық округi, Шардара ауылының iшкi газ жүйелерiнiң құрылысы» жобасы әзiрлендi. Сметалық құны 767,1 млн теңге. Әзiрленген ЖСҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қаржыландыру үшiн ұсыныс жолданды.

Қоссейiт а/о табиғи газ көзiне қосу үшiн кентiшiлiк газ құбырын жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары бойынша құрылыс жұмыстарын жүргiзушi мердiгер мекеме «ИНСТАТ» ЖШС. Бүгiнгi күнге құрылыс жұмыстары аяқталды. Жоспарға сәйкес, аталған ауылды табиғи газ көзiне 2020 жылдың IV тоқсанында қосу жоспарланған. Барлық елдi мекендер табиғи газға қосуға дайын.

Автомобиль жолдары саласы.

Аудан аумағындағы облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 235,2 шақырымды құрайды. Оның 90,2 шақырымы немесе 38,3 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 48,73 шақырымды құрап, оның 39,63 шақырымы немесе 78,9 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.

Көшелер мен iшкi шаруашылық жолдарының ұзындығы 504,3 шақырымды құрап, оның 349,9 шақырымы немесе 67,4 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.

2020 жылы жергiлiктi бюджеттен 473,5 млн.теңге бөлiнiп, Шардара қаласындағы жалпы ұзындығы – 11,9 шақырымды құрайтын 6 көшенi (Оңдасынов, Түгелбаев, Әйтеке би, Төле би, Жiбек жолы, Жандосов) орта жөндеу жұмыстарын жүргiзiлдi. Бүгiнгi таңға, орта жөндеу жұмыстары толығымен атқарылып, пайдалануға тапсырылды.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебiнен 5,0 млн.теңгеге қала iшiндегi 46 көшелерге (1785 ш.м.) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Бұдан бөлек, Шардара қаласы және ауылдық округтерде бiршама жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсам:

Шардара қаласында жалпы ұзындығы 7,5 шақырымды құрайтын барлығы 20 көшелерде жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Анықтама үшiн: 9 көшеде (Қызылжар, Оңдасынов тұйығы, Мүлкi ата-1, Мүлкi ата-2, Әжiмсеңгiр, Бұлқышев, Мүсiрепов, Желтоқсан тұйығы, Қозы Көрпеш-Баян сұлу) орта жөндеу жұмыстары толығымен атқарылып, пайдалануға тапсырылды. 11 көшелерде (Темiрбеков тұйығы, Мыңбай Жалау, Саяжай, Қазыбек би көшесi №12, №12 а көпқабатты үйлер арасы, Әл-Фараби көшесi №3, №4 көпқабатты тұрғын үйлер арасы, Әл-Фараби көшесi №4, №5 көпқабатты тұрғын үйлер арасы, Оразбаева көшесi №2, №3 көпқабатты тұрғын үйлер арасы, Ынтымақ көшесi, Алаш көшесi, Иманов, Смағұлов көшелерiнiң арасындағы жол) тас төсеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Ауылдық округтерде жалпы ұзындығы – 8,0 шақырымды құрайтын, барлығы 10 көшелерде орта жөндеу және тас төсеу жұмыстарын жүргiзу (Достық а/о – Уәлиханов көшесi; Ақшеңгелдi а/о – Шынтөреев, Б.Момышұлы көшелерi; Сүткент а/о – А.Тоқсанбаев көшесi; Қызылқұм а/о – Ж.Жабаев көшесi; Қоссейiт а/о – Панфилов көшесi; Қ.Тұрысбеков а/о – Қаныбеков, Әуезов, Ақшағала көшелерi; Жаушықұм а/о – Ә.Жангелдин көшесi) жұмыстар жүргiзiлуде.

2020 жылы Шардара ауданы бойынша «Ауыл – ел бесiгi» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаржысы есебiнен 465,1 млн.теңге бөлiнiп, жалпы ұзындығы – 18,04 шқ. құрайтын барлығы 21 көшелерге орта жөндеу жұмыстары қолға алынған. Оның iшiнде, Алатау батыр ауылдық округiнде 12 көше (Абай, Әйтеке би, Каттабеков, Қисабеков, Жеңiс, Ақорда, Тәуелсiздiк, Бейбiтшiлiк, Тұран, Айдаров, Достық, Жақсылықов), Көксу ауылдық округiнде 9 көше (С.Мұқанов, №2 жобадағы көше, жобадағы көше, Иманов, Ж.Жабаев, А,Кұнанбаев, С.Сейфуллин, Халықтар достығы, М.Әуезов). Бүгiнгi таңға, 20 көшелерде орта жөндеу жұмыстары толығымен атқарылып, пайдалануға тапсырылды.

Қалған, Көксу ауылдық округiндегi, Мұқанов көшесiн орта жөндеу жұмыстары бойынша мердiгер «ТАЛГ-Строй» ЖШС орта жөндеу жұмыстарын бүгiнгi күнге дейiн атқармай, бекiтiлген жұмыс кестесiнен кешiккенi үшiн айыппұл санкциялары қолданылды. Түркiстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мердiгердi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздық айыппұлын өндiру және жұмыстарды аяқтап, пайдалануға тапсыруды мiндеттеу туралы (28.09.2020 жылы) талап арыз жолданды. Соттың қарауында.           

Абаттандыру, көрiктендiру жұмыстары.             

Ауданды көрiктендiру, көгалдандыру мақсатында 2020 жылға 62,0 мың түп ағаш көшеттерi, оның iшiнде көктемгi маусымға 47,0 мың түп, күзгi маусымға 15,0 мың түп отырғызу жоспарланып, көктемгi маусымға жоспарланған 47,0 мың түп ағаш көшеттерi толығымен қала және ауылдық округтерге отырғызылды. Бюджет қаржысы есебiнен 47,0 мың түп ағаш көшеттерi отырғызылып, тұрақты күтiмге алынды.  

Шардара қаласындағы 46,98 гектар саябақтар мен скверлер, жасыл аймақтар тұрақты күтiмде. Ағымдағы жылы Шардара қаласына 15000 роза және Жастар көшесiнiң бойына 1500 арша ағашы отырғызылып, 1,5 шқ. тамшылатып суғару жүйесi жүргiзiлдi. Кәсiкерлердiң демеушiлiгiмен Алатау батыр а/о кiре –берiс көпiрлерiне қоршау жұмыстары жүргiзiлiп,  56 түп тұя ағашы отырғызылды.              

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2 нысан құрылысына Республикалық бюджеттен 201,0 млн теңге бөлiнiп, Шардара қаласы Төле би көшесi бойынан 1,5 гектар аумаққа көпшiлiктiң демалуына арналған желiлi саябақ құрылысы, сондай ақ Жiбек жолы көшесiнiң бойында аяқжол салу, Үш арыс скверiн құру, жұмыстары жүргiзiлдi.

Аудандық бюджет есебiнен Шардара қаласындағы «Тұңғыш Президент» саябағын абаттандыру жұмыстарына 128,2 млн. теңге бөлiнiп, саябақ iшiндегi ұсақ плиталар, темiр қоршаулары, балалар алаңшалары, субұрқақ салынып, орындықтар мен қоқыс жәшiктерi ауыстырылды. Шардара қаласында №16 колледжге баратын жолдың бойы, Анарқұлов, Молдағұлова, Торайғыров, Аймұратов көшелерiнiң бойында аяқжолдар салынып, Сәтбаев, Қолдасов, Иманов, Молдағұлова, Аймұратов, Анарқұлов, Рысқұлов көшелерiне жарық бағандары орнатылды. Әшiров, Әл-Фараби көшелерi бойындағы ескi лотоктары ауыстырылды. Ауылдық округтер бойынша Ұзыната а/о орталық саябақты абаттандыру жұмыстарына 13,2 млн теңге бөлiнiп, аяқжол, көгалдандыру, суландыру жұмыстары жүргiзiлдi. Жаушықұм а/о «Жасыл аймақ» қоршауын дәнекерлеу, сырлау жұмыстарына                 2,7 млн. теңге және Iлесов көшесiнде орналасқан футбол алаңшасының алдына абаттандыру жұмыстарына 7,0 млн теңге, бөлiнiп, абаттандыру жұмыстары жүргiзiлдi. Ақшеңгелдi а/о Достық көшесiнiң бойына 7,5 млн. теңгеге жарық шам бағандары орнатылды. Қоссейiт а/о, Асық ата көшесiнiң бойына 5,4 млн. теңгеге жарық шамдар орнатылды.     

Тұрғын үйлердi күрделi жөндеу.

«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығын модернизациялау  бағдарламасы» аясындағы жұмыстар жалғасын табуда. Тұрғын үй қорын жаңғырту тетiгiне сәйкес, Шардара қаласындағы 24 бiрлiк көпқабатты тұрғын үйлердi күрделi жөндеуге жалпы сметалық  құны – 515,7 млн. теңгеге ЖСҚ-сы әзiрленiп, сараптама қорытындысы алынды. Әзiрленген жобаға қаржылық экономикалық негiздемесi алынып, күрделi жөндеу жұмыстарын қаржыландыру үшiн салалық басқармаға (Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы) тапсырылды. 

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қолдау. Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасы аясында 2020 жылы 1878 адам қатыстырылды, оның iшiнде: 1030 жұмыссыз,  538 нәтижесiз жұмыспен қамтылғандар, 310 жұмыс iздеушiлер. Жалпы бағдарламаға қатысушылардың 21,2 пайызы немесе 398-i табысы аз азаматтар.          

- Бағдарламаның  «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағыты бойынша 18 азаматқа кәсiпкерлiгiн дамытуға 59,4 млн. теңге несие 130 азаматқа жаңа бастамалар үшiн  72,2 млн. теңге грант берiлдi.      

- Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша бос жұмыс орындарына 661  адам, жаңа жұмыс орындарына 141 адам жолданып, жұмыспен қамтылды.

- Әлеуметтiк жұмыс орындарына 103 жұмыссыз, Жастар практикасына  124 жас, Қоғамдық жұмыстарға 701  жұмыссыз жолданды.       

Жалпы бағдарламаға қатысқан азаматтардың 55-i мүмкiндiгi шектеулi азаматтар.              

Мемлекет қолдауымен есептi мерзiмде 616 отбасының 3583 мүшесiне 147,1 млн теңгеге атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Сонымен қатар, туберкулез ауруымен ауыратын 25 азаматқа жергiлiктi бюджеттен 6,0 млн. теңге қаржы төленсе, ВИЧ iндетiн жұқтырған 2 балаға 1,1 млн. теңге қаржы төлендi.

Аудандағы жалғызiлiктi 125 қарттарға жергiлiктi бюджеттен 26,7 млн. теңгеге әлеуметтiк көмек көрсетiлсе, үйде оқытылып, тәрбиеленетiн мүмкiндiгi шектеулi мүгедек 83 балаға жергiлiктi бюджеттен 24,6 млн.теңгеге үйде әлеуметтiк қызмет көрсетiлдi.             

Бiлiм. Аудан бойынша бiлiм саласының қарыштап дамуына барынша жағдайлар жасалып жатыр. Бұл бағытқа салынып жатқан қаржы – болашаққа салынған, қайтарымы мол инвестиция десек артық айтқандық емес. Ауданда жалпы бiлiм беретiн 31 мектепте 19183 оқушы бiлiм алуда. 3 мектептен тыс мекеме, 37 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары жұмыс атқаруда.    

Бiлiм беру ұйымдарының оқушылары оқулықтар және оқу әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етiлiп, бұл мақсатқа жергiлiктi бюджеттен 2020 жылы 255,8 млн. теңге қаралды.

Мектептердiң информатика кабинеттерi 1376 компьютермен жабдықталған, нәтижесiнде 1 компьютердi пайдаланатын оқушы саны 13,7 бiрлiкке жеткен. Аудан мектептерiнiң телефонмен байланысы және интернет желiсiн пайдалануы 31 мектептiң барлығында орнатылған.        

5043 бала мектепке дейiнгi тәрбиемен қамтылып, қамтылу деңгейi 96,6 пайызды құрады.

Сонымен қатар, мектептерде iндеттiн алдын алу мақсатында жергiлiктi бюджеттен 19,0 млн.теңге қаржы бөлiнiп, аудан мектептерiне жылу тексергiш құралдары, дезинфекциялау туннельдерi, санитарлық тазартқыштар аяқ киiмге арналған дезинфекциялық кiлемшелер алынды.    

Бүгiнгi таңға санитариялық қауiпсiздiк шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда балалар саны 15 адамға дейiн аудандағы 5 шағын жинақты бастауыш және 1 негiзгi мектептерде 228 оқушы штаттық режимде оқыту жүзеге асырылуда.

2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде 16 бiлiм беру нысанындарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге республикалық бюджеттен 113,6 млн теңге қаржы қаралды. Бүгiнгi таңға жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берiлдi.            

Сонымен қатар, 2020 жылы жергiлiктi бюджеттен Қызылқұм  жалпы орта мектебiн күрделi жөндеуден өткiзуге 104,3 млн теңге қаралып, жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында.           

Бұдан бөлек, жергiлiктi бюджеттен 30 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн 44,4 млн. теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Денсаулық сақтау саласы. Есептi мерзiмде 6 өткiр iшек ауруы тiркелiп, өткен жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 21 фактiге азайған, туберкулез ауруына 10 науқас тiркелiп, өткен жылмен салыстырғанда 15 фактiге азайған. 4 сарып ауру өткен жылмен салыстырғанда 3 фактiге азайған.

Мәдениет саласы. Аудан өнерпаздары 2020 жылдың 9 айында онлайн түрiнде 538 мәдени көпшiлiк iс-шаралар өткiзiп, оған аудан көлемiнде 98345 адам қамтылды.      

Мемлекет тарапынан iске асып жатқан «Ауыл-Ел бесiгi» бағдарламасы аясында Көксу ауылындағы мәдениет үйiн күрделi жөндеу қолға алынып, ол үшiн республикалық және облыстық қазынадан 251,7 млн. теңге қаралды. Нысанды ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.     

Сонымен қатар, 2019 жылы жергiлiктi бюджеттен 5,0 млн. теңге қаржы қаралып, Қызылқұм ауылдық мәдениет үйiн күрделi жөндеу үшiн ЖСҚ дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Бүгiнгi таңға қаржыландыру үшiн салалық басқармаға ұсынылды.

Спорт саласы. Жыл басынан берi 136 спорттық iс-шара өткiзiлiп, оған 13500 адам қатысты. Ауданымыздың спортшылары 45 облыстық, республикалық деңгейдегi сыртқы жарыстарға қатысты. Нәтижесiнде 95 спортшы Түркiстан облысының чемпиондары, 17 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионы, 27 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионатының жүлдегерлерi атанды.

Аудан тұрғындары мен спортшыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жергiлiктi бюджеттен 81,6 млн. теңге қаржы қаралып, Орталық стадион ағымдағы жөндеуден өттi.

Құрметтi ел қалаулылары!      

Бүгiнгi есептi қорытындылай келе алдағы уақытта халықтың сын ескерпелерiне, ұсыныс-пiкiрлерiне сәйкес нақты жұмыстар атқарылатындығын  айтқым келедi. Оның iшiнде, ең бастысы Пандемия салдарынан болып жатқан дағдарыстың әсерiн барынша бәсеңдету, әлеуметтiк тұрақтандыру және бағаны  тұрақтандыру басты назарда болмақ. Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейiн  төмендету, салық  түсiмдерiн арттыру, өндiрiстi, кәсiпкерлiктi дамыту бойынша нақты жұмыстар атқару назардан түспейдi.

Сондай-ақ, өз шешiмiн табуға тиiстi төмендегi бiрқатар жұмыстарды  назарларыңызға ұсынамын:

- Шардара ауданын табиғи газбен қамту;

- Туризмдi дамыту;

- Шардара қаласын сапалы ауызсумен қамту;

- Шардара қаласын сарқынды су жүйесiмен қамту;

- Басталған әлеуметтiк сала нысандарының құрылыстарын аяқтау.

Үдемелi  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы  аясындағы  жобаларды  iске  асыру.

Абаттандыру жұмыстарын iске асыру жұмыстары жүргiзiлетiн  болады.

Назарларыңызға рақмет!