Құрметтi шардаралықтар!
Сiздердi ел тарихындағы елеулi мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған Азаттық алауын жаққан, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. Сондықтан да халқымыз үшiн бүгiнгi мерекенiң сыры мен сипаты, маңызы мен мазмұны ерекше.Бұл күн Тәуелсiз тарихымыздың сара жолында Елбасы елiмен бiрге еңсерген қиындықтарды, жемiстi жеңiстердi, тағы да бiр бағалап, болашаққа бой түзейтiн мереке.
1991 жылғы 1 желтоқсанда халқымыз тарихи таңдау жасап, Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев елiмiздiң Тұңғыш Президентi болып сайланды. Тәуелсiз Қазақстанның iргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттiң халық алдындағы еңбегi ұшан теңiз.
Бағындырған белестерiмiз бен жеткен жетiстiктерiмiз ұлтаралық татулық пен ауызбiршiлiктiң, шынайы түсiнiстiктiң, ең бастысы – мемлекетiмiз жүргiзiп отырған сарабдал саясаттың жемiсi. Бiрлiк, достық, татулық, ынтымақ – елiмiздегi саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты әрi негiзгi кепiлi.
Дамыған елдердiң қатарына енудi алдына бағдар етiп алған тәуелсiз Қазақстанның әрбiр жылы толысу, кемелдену жылына айналғаны өмiр шындығы.
Тәуелсiздiк жылдарында егемен Қазақстан Тұңғыш Президентiнiң басшылығымен қиындықтарды еңсерiп қана қоймай, макроэкономикалық тұрақтылық пен ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi сәттi шешуге арналған берiк iргетасты қамтамасыз ететiн жүйелi сипаттағы реформаларды жүзеге асырды.
Демократиялық мемлекет болып, тәуелсiздiгiмiз орнап, үлкен жұмыстар атқарылып, экономикамыз қарқынды дамып, елiмiзде көлемдi реформалар жүргiзiлдi. Н.Ә.Назарбаев тәуелсiздiктiң алғашқы кезеңдерiнде елiмiздi тығырықтан алып шыққан таңдаулы лидерi. Мемлекеттiк саясатты және экономикалық-әлеуметтiк iстердiң қазiргi замандағы үлгiсiн жасаған осы Тұңғыш Президентiмiз.
Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiнде қалыптасып дамуы, еңселi ел атануы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаев тұлғасымен тығыз байланысты. Тәуелсiз мемлекеттiң күнтiзбесiндегi жалпыхалықтық мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi - барша халықтың Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа артқан биiк сенiмiнiң, iзгiлiк-құрметiнiң жарқын дәлелi.
Қазақстан Тәуелсiз мемлекеттер достастығы арасында тұңғыш болып беделдi халықаралық ұйымдар Еуропадағы Қауiпсiздiк пен ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттi.
Бүгiнде Қазақстан терең әлеуметтiк - экономикалық жаңғыру жолымен жүрiп келедi. Қазақстандық қоғамды жаңа индустриалдық-инновациялық жағдайлардағы өмiрге дайындап, үдемелi экономикалық дамуы мен азаматтарды қоғамдық игiлiктермен кең қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдiктi ұстап тұру мемлекеттiк бағыттың басты мақсаты болып табылады.
Құрметтi жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республика-сының Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тiлеймiз.
Аудан әкiмi Қ.Жолдыбай.
Мәслихат хатшысы Б.Мүтәлиев.