Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” және “Ұлы даланың жетi қыры” бағдарламалық мақаласы аясында облыс орталығында 2019 жылдың 11 айы бойынша Шардара ауданында атқарылған жұмыстардың есебi тыңдалды.
Бұл жұмыстар жайлы аудан әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Б.Шомпиев брифинг барысында толыққанды хабарлама жасады.
Айта кетсек, жоғарыда аталған бағдарламалар аясында аудан көлемiнде “Тәрбие және бiлiм” кiшi бағдарламасы бойынша 51 iс-шара, “Рухани қазына” бағдарламасы бойынша 111 iс-шара, “Атамекен” бағдарламасы бойынша 188,2 млн теңгенi құрайтын 22 әлеуметтiк қолдау жобалары iске асырылған. Сонымен қатар, “Ақпараттық толқыны” кiшi бағдарламасы бойынша 282 iс-шара және “Өскен өңiр”, “Шартарап шарайна” газеттерiнде 79 мақала жарияланған екен. Шара барысында Б.Қуанышбайұлы Шардара ауданының 55 жылдығы және “Сафари Шардара” секiлдi үлкен мәдени iс-шараларға, бiрқатар спорттық жетiстiктерге, әлеуметтiк әл-ақуалдың, сапаның өсу үдерiстерiне кеңiнен тоқталды. Түркiстан облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесiнiң «Тәрбие және бiлiм» кiшi бағдарламасының әкiмшiсi Г.Бейсенбаева брифингтегi берiлген есепке жоғары баға берiп, оң пiкiрлерi мен ұсыныстарын айтты.
Рүстем ЕРҒАЛИҰЛЫ.