Өткен аптада  Қазақстан Республикасы  Мемлекеттiк қызмет iстерi  агенттiгiнiң Түркiстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы, Әдеп жөнiндегi Кеңес төрағасы Исақов Болат Әлмаханұлы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты халыққа арнаған Жолдауы аясында «Мемлекеттiк қызметтiң  өзектi мәселелерi» және «Президент Жолдауын жүзеге асыру – басты мiндетiмiз» тақырыбында семинар-кеңес өткiздi. 

 «Әдеп кодексi – билiк пен халық арасындағы сенiмдi арттыру құралы» тақырыбында аудан бойынша жергiлiктi атқарушы органдардағы Әдеп жөнiндегi уәкiлi Қошимова Қалдықыз Төлегенқызы баяндама жасады. Әдеп жөнiндегi уәкiл мемлекеттiк оңтайландыру бойынша  бiрнеше ұсыныстар айтты.

Семинар-кеңеске аудан әкiмдiгiнiң дербес бөлiм басшылары, қала, ауылдық округтерiнiң әкiмдерi, мекеме басшылары мен мемлекеттiк қызметшiлерi және БАҚ өкiлдерi қатысты.

Семинардан соң Исақов Болат Әлмаханұлы «Нұр Отан» партиясы Шардара аудандық филиалында шардаралық азаматтармен жеке қабылдау өткiзiп, өтiнiштерiн тыңдады.          

        Өз тілшімізден.